Абай облысының полицейлері 100 келіден астам марихуана мен 7 келіден артық гашиш тәркіледі

Абай облысының полицейлері 100 келіден астам марихуана мен 7 келіден артық гашиш тәркіледі

Абай облысының полицейлері 100 келіден астам марихуана мен 7 келіден артық гашиш тәркіледі

«Қарасора-2025» және «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында Абай облысының полицейлері Алматы облысының 33 жастағы тұрғынының тұрғылықты жерін тінту барысында өсімдік тектес жасыл түсті зат салынған төрт қап пен ұнтақ тәріздес жасыл түсті зат салынған полимерлік пакет тапты.

Сот-наркологиялық сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар — жалпы салмағы 105 килограмнан асатын кептірілген марихуана және 7 килограмнан артық гашиш екені анықталды.

Тергеу барысында күдікті өз кінәсін мойындап, жабайы қарасораны өзі жинап, кептіріп, кейін сату мақсатында сақтағанын айтты. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

👮‍♂️Полиция есірткінің заңсыз айналымына қатысты құқықбұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша кешенді шараларды жалғастыруда және азаматтарды мұндай деректер туралы «102» нөміріне хабарлауға шақырады.

https://www.instagram.com/abai_department_police/reel/DMcHepCt0V6/