Санитариялық-эпидемиологиялық қызметпен бірлесіп тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар өткізіліп жатыр. Бұл ретте санитарлық нормаларды бұзу, рұқсатсыз саудамен айналысу, сондай-ақ жағалау аумағындағы тазалық пен тыныштықты бұзатын құқыққа қарсы әрекеттерді анықтауға ерекше назар аударылуда.
Маусым басталғалы бері полиция қызметкерлері 300-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде ең көп тіркелгені — ортақ пайдаланудағы орындарды ластау бойынша 141 жағдай. Сонымен қатар, мал жаюға тыйым салынған аумақтарда — 74 жағдай, абаттандыру қағидаларын бұзу — 15, рұқсат етілмеген сауда — 22 факті анықталды.Сондай-ақ, көлік құралын мас күйде басқарудың 13 жағдайы, құжатсыз басқарудың 7 дерегі және жаяу жүргіншілер тарапынан 8 құқық бұзушылық тіркелді.
Тәртіп сақшылары тарапынан профилактикалық жұмыс тұрақты түрде жүргізілуде. Демалушыларға қоршаған ортаға ұқыпты қарау, санитарлық талаптарды сақтау және қоғамдық орындарда мәдениетті мінез-құлық көрсету қажеттілігі ескертілуде.
Абай облысы Полиция департаменті демалушыларды Алакөлдің бірегей табиғатын сақтап, баршаға қауіпсіз әрі жайлы демалыс маусымын қамтамасыз ету үшін қоғамдық тәртіп пен тазалықты сақтауға шақырады.