ТАСТАУ ТАУЫНЫҢ ШЫҢЫНА СИМВОЛИКАЛЫҚ ШЫҢДАЛУ: АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ 2992 МЕТР БИІКТІККЕ ӨРМЕЛЕДІ

Қазақстан полициясы күніне орай Абай облысы Полиция департаментінің қызметкерлері өңірдегі ең биік шыңдардың бірі — Аксуат ауданында орналасқан, теңіз деңгейінен 2992 метр биіктіктегі Тастау тауына символикалық түрде көтерілді.

Аталған бастама республикалық «Заң мен Тәртіп» айлығы аясында ұйымдастырылып, полиция қызметкерлерінің тек физикалық шыдамдылығын емес, сонымен қатар рух биіктігін, парызға адалдық пен ұйымшылдықты көрсетуге бағытталды.

Көтерілу оңайға соқпады — тік жартастар, құбылмалы ауа райы мен тасты жол нағыз сынға айналды. Алайда тәртіп сақшылары бір-біріне демеу болып, иық тіресе жүріп, бұл сынақтан абыроймен өтті.

https://www.instagram.com/abai_department_police/reel/DLSTPIFtxVo/