Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі сотта жасөспірімдердің қатысуымен ашық сот отырысы өтті

Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі сотта жасөспірімдердің қатысуымен ашық сот отырысы өтті

Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі сотта жасөспірімдердің қатысуымен ашық сот отырысы өтті

Абай облысының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұрған жасөспірімдердің қатысуымен ашық сот отырысы ұйымдастырылды.

 Іс-шара кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Жасөспірімдер сот процесінің тәртібімен тікелей танысып, сот жүйесінің жұмысын өз көздерімен көрді. Бұл өз кезегінде олардың құқықтық сана-сезімін арттырып, заңға деген құрметті қалыптастыруға ықпал етеді.

 Полиция мен прокуратура қызметкерлерінің пікірінше, мұндай бастамалар жасөспірімдер қылмысының алдын алуға және өскелең ұрпақтың жауапкершілік сезімін дамытуға оң әсер етеді.

https://www.instagram.com/abai_department_police/reel/DJ4VROKCQAN/