Абай облысында көше жарығын қамтамасыз ету саласында бұзушылықтар анықталып, әкімшілік шаралар қолданылды

Ағымдағы жылдың басынан бастап Семей қаласының әкімшілік полиция қызметкерлері сыртқы жарықтандырудың болмауына байланысты көше-жол желісіне 26 тексеру жүргізді.

Тексеру барысында бірқатар кемшіліктер анықталып, олардың нәтижесі бойынша көше жарығын күтіп-ұстауға жауапты мекемелерге 23 ұйғарым берілді. Сонымен қатар, сыртқы жарықтандыру желілерін тиісті деңгейде ұстамағаны үшін 4 әкімшілік іс қозғалды.

2025 жылғы 12 мамырда сыртқы жарықтандыру объектілерінің бір бөлігінің иесі – «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік-жекешелік әріптестік өңірлік орталығы» акционерлік қоғамына қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

 Сот шешімімен аталған ұйымға 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды, бұл 786 400 теңгені құрады.

Көше жарығының жай-күйіне бақылау жұмыстары жалғасатын болады. Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі – жол инфрақұрылымының сапасына тікелей байланысты.

https://www.instagram.com/abai_department_police/reel/DJ9rPf0zO-g/