Көпір астындағы мереке: полиция балаларға шаттық сыйлады

Көпір астындағы мереке: полиция балаларға шаттық сыйлады

Көпір астындағы мереке: полиция балаларға шаттық сыйлады

 Абай облысы Полиция департаментінің қызметкерлері ерекше орында – көпір астындағы кеңістікте балаларға арналған мереке ұйымдастырды.

Балалар көңілді ойындарға қатысып, полицейлермен бірге жарысып, шын жүректен күлді. Әсіресе қызметтік аттарға міну мүмкіндігі балаларға ерекше әсер қалдырды – әрқайсысы өзін нағыз шабандоздай сезінді.

Арнайы бөлімшелердің қызметкерлері шартты құқықбұзушыларды ұстау тәсілдерін көрсетіп, төтенше жағдайларда полиция қалай әрекет ететінін паш етті.

 Мерекелік күн достық, сенім мен түсіністік атмосферасында өтті. Көпір астындағы бұл күн – полиция мен қоғам арасындағы байланысты нығайтудың тағы бір жарқын үлгісі болды.

https://www.instagram.com/abai_department_police/reel/DKAZoDdNu53/