
Министрлікте этика жөніндегі уәкіл мен қызметкерлердің қатысуымен кеңес-семинар өтті. Шара әкімшілік ресурстарды теріс пайдаланудың алдын алу, мүдделер қақтығысының алдын алу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг мәселелеріне арналды.
🔹 Қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану жағдайлары, оның ішінде мемлекеттік мүлік пен кеңсе техникасын мақсатсыз пайдалану мысалдары қарастырылды.
🔹 Мүдделер қақтығысының типтік жағдайлары мен оларды болдырмау және реттеу механизмдері талқыланды.
🔹 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің кезеңдері мен мемлекеттік органдар қызметіндегі ашықтықты арттыру шаралары ұсынылды.
Семинар соңында этика жөніндегі уәкіл сыбайлас жемқорлық тәуекелі жоғары лауазымдарды қоса алғанда, қызметкерлермен профилактикалық жұмыс жүргізді. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың негізгі стандарттарын сақтау қажеттілігіне ерекше назар аударды:
Этика жөніндегі уәкіл атап өтті:
"Сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісі — бұл жай ғана заң бұзушылық емес, бұл қоғамның, әріптестердің және елдің болашағына соққы."
Бұл сөздер Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстанымымен үндесті:
❝Сыбайлас жемқорлық сенімді жояды. Сенімсіз мемлекет болмайды.❞
Министрлік сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру, ашықтық, есептілік және адал қызмет қағидаттарын нығайту бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастырады.