Сауда министрлігінің аппарат басшысы 12 жасында соғыс фронтына кеткен тыл ардагерін құттықтады

Сауда министрлігінің аппарат басшысы 12 жасында соғыс фронтына кеткен тыл ардагерін құттықтады

Ұлы Отан соғысының 80 жылдық мерейтойы қарсаңында ҚР Сауда және интеграция министрлігінің аппарат басшысы Азамат Каримов тыл ардегері Ларкан Муштариевті құттықтады.

 

Ол 12 жасында соғысқа фронтқа жіберілген. Фронтта тамақ, бомба тасып, әскерлерге көмек көрсеткен. Соғыс біткен соң 18 жасында әскерге аттанып, 4 жыл әскерде болған.

 

Ларкан Муштариев «Еңбек ардагері» медалі, Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 50 жыл, 60 жыл, 65 жыл, 70 жыл мерекелік медальдарымен марапатталған. 

 

«Бұл маңызды күн – аталарымыздың ерлігі, тарихтағы айтулы белестердің бірі. Осы соғыста отанды қорғауға қатысқан, Сіздер сияқты қарттарымыз күн сайын азайып бара жатыр. Әрине бұл жүрекке батады. Сіздердің ерліктеріңіз бүгінгі күннің жарқын болашағы. Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық тілеймін», - деді Азамат Каримов.