ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев 8-наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай саланың дамуына үлес қосқан қызметкерлерді марапаттады.
«ORGANIC» Мұнай өнімдерін сынайтын тәуелсіз орталығы» ЖШС басшысы Ақмарал Калмұратова, «ҚР өзін-өзі реттейтін қоғамдық тамақтандыру ұйымы» қауымдастығы төрайымы Вероника Дауғалиева «Ерең еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Айжан Арғын, Айша Ебеева, Дана Сапарова ведомствоның «Құрмет» грамотасымен марапатталса, Гаухар Балтабаева, Жанель Қарабекова, Алтынай Китибаева, Айгерім Миманова, Әсел Омарова министрдің Алғыс хатын иеленді.
«Көктем мерекесінде Сіздерге деген шексіз құрметімізді көрсетіп, ризашылық білдіріп, алғысымызды айтамыз. Қазақстан әйелдері экономика мен саудаға баға жетпес үлес қосып, интеграция жүйесін жетілдіріп, жаңа ұрпақты батыл идеялар мен жетістіктерге жетелеуде. Сіздердің еңбексүйгіштігіңіз, кәсібилігіңіз, табандылығыңыз бен адамдарды маңызды міндеттердің айналасына біріктіре білуіңіз - мемлекетіміздің одан әрі өркендеуі үшін аса маңызды», - деді Арман Шаққалиев.