2024 жылы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті мен аумақтық департаменттер тұтынушылардың құқықтарын 1,7 миллиард теңгеден астам сомаға қорғады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 161,2%-ға көп.
Жалпы, жыл ішінде 60 мыңнан астам өтініш келіп түсті, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 120,4%-ға артық. Негізгі шағымдар бөлшек сауда, электрондық коммерция және тұрмыстық қызмет көрсету салаларына қатысты болды.