Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен сауда-экономикалық даму мәселелері талқыланды

Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен сауда-экономикалық даму мәселелері талқыланды

2024 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алешка Симкичпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар өзара көпжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады: сауда және инвестиция, техникалық реттеу, сертификаттау, әйелдердің бизнестегі рөлі, Қазақстан-ЕО Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімнің (КӘЫК) сауда бөлігіне қатысты жобалар, Ready4Trade Central Asia жобасының жүзеге асырылуы және басқа да мәселелер.

Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруға және жаңа жобалар арқылы өңірлік және халықаралық сауданы дамытуға келісті.

Сонымен қатар, 2024 жылдың 9 сәуірде Брюссель қаласында өткен Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда формасындағы 7-ші ынтымақтастық комитетінің отырысының сәтті өткенін айтылды.

Оcы кездесуде Қазақстан-ЕО ынтымақтастық комитетінің сауда формасындағы 8-ші отырысын 2025 жылдың бірінші жартысында өткізу туралы келісімге келді.

А. Симкич сондай-ақ қазақстандық тарапқа «KROHNE SA» тексеру (калибрлеу) және сынақ зертханасын салу және шығын өлшеуіштер мен деңгей өлшеуіштерді өндіру жөніндегі бірлескен инвестициялық жобаны іске асыруға қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Айта кетейік, Еуропалық Одақ тарихи тұрғыдан Қазақстанның негізгі инвестициялық және сауда серіктесі болып табылады. Бүгінде Еуропалық Одақтың үлесіне тартылған инвестициялардың 40%-дан астамы және сыртқы сауданың шамамен 30%-ы тиесілі.