ЕАЭО елдерінің көрікті орындары бір картаға жиналды

ЕАЭО елдерінің көрікті орындары бір картаға жиналды

Туристік қызметтер нарығын дамыту мақсатында мүше мемлекеттер Евразиялық экономикалық комиссиямен бірлесіп, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің бірлескен Еуразиялық туристік маршруттарының карталарын әзірледі.

Ортақ туристік маршруттарды әзірлеу кезінде ЕАЭО-ға мүше әр мемлекеттің туристік әлеуеті, соның ішінде табиғи ресурстары, бірегей туристік нысандары және басқалары көрсетілген.

Карталар мүше мемлекеттердің ұсыныстары негізінде жасалған және 419 еуразиялық туристік нысан, 38 маршрут және қозғалыс тәсілдері туралы ақпаратты қамтиды.

Мысалы, барлық қатысушы елдердің аумағын қамтитын маршрут әзірленген: Қырғыз Республикасы (Бішкек-Токмақ) – Қазақстан Республикасы (Алматы) – Ресей Федерациясы (Мәскеу) – Беларусь Республикасы (Минск-Жодино-Мир-Несвиж) – Армения Республикасы (Ереван).

Қазақстан Республикасының географиялық ерекшелігі мен тарихи құндылығының арқасында ұсынылған маршруттардың 50%-дан астамы біздің ел арқылы өтеді.

ЕАЭО елдерінің туристік маршруттарын дамытудың мультипликативті әсері ішкі туристер мен үшінші елдерден келетін туристер ағынын арттыруға, саланың қарқынды дамуына, туризммен байланысты экономика салаларына қосымша серпін беруге бағытталған. Бұған қонақ үй бизнесі, көлік, медицина, ауыл шаруашылығы және басқа да салалар кіреді.

Алдағы уақытта мүше мемлекеттер картаға түзетулер енгізу және оны жаңарту туралы өз ұсыныстарын енгізе алады. Бұл құжатты ЕЭК Алқасы ағымдағы жылдың 12 қарашасында қабылдады.