2024 жылдың алты айында ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мамандарымен 777,1 млн теңгеден астам сомаға тұтынушыларға тауарлар мен қызметтерді қайтару, айырбастау және ауыстыру қамтамасыз етілді.
Бұл шамамен 10 мыңнан аса тұтынушының құқығын қорғауға мүмкіндік берді.
«5 млн теңгеден немесе одан да көп қайтару сомасы бар» тұтынушылардың құқықтары қорғалған істер бойынша яғни 18 ірі іс бойынша 112 млн теңге қайтарылды.
«Кем дегенде 5 млн теңгеге қаражатты қайтару шеңберінде» 34 тұтынушының құқықтары жалпы сомасы 437,6 млн теңгеге қорғалды.
Астана қаласының тұрғыны пәтер сатып алып, суық үй-жай мен сапасыз жөндеу мәселелеріне тап болды. Аталған себепке байланысты ол елордалық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментіне хабарласып, ол сотқа дейінгі шағым жасау бойынша құқықтық көмек пен кеңес алды. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде тұтынушыға 33 млн теңгеге тең ақшалай қаражаттың толық көлемі қайтарылды.
Елімізідің басқа да аймақтарында тұтынушыларға келесідегідей қомақты сома қайтарылды:
ҚР СИМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті еліміздің барлық өңірі бойынша тұтынушылардың құқықтарын тиімді қорғау бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда.