Еуразиялық экономикалық комиссияның Министрі Қазақстанға жұмыс сапарымен келді

Еуразиялық экономикалық комиссияның Министрі Қазақстанға жұмыс сапарымен келді

Ағымдағы жылдың 17 сәуірінде сауда және интеграция вице-министрі Кушукова Жанель Сабырқызы Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі алқа мүшесі (министр) Барсегян Гоар Ашотовна бастаған Еуразиялық экономикалық комиссияның делегациясын қабылдады.

Әңгіме басында Кушукова Жанель жаңа лауазымға кірісуімен Барсегян Гоарды құттықтап, өнеркәсіп және АӨК салаларындағы ынтымақтастықты Қазақстан Республикасы үшін әлі де басым бағыттардың бірі болып қалатының атап өтті.

Өз кезегінде, ЕЭК Министрі ЕАЭО шеңберінде экономикалық процестерді одан әрі дамыту туралы Декларацияны іске асыру жөніндегі жоспарды дайындау барысы туралы 2030 жылға дейін және 2045 жылға дейінгі кезеңге өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен бөлігінде «Еуразиялық экономикалық жол» туралы хабардар етті.

Сондай-ақ, 2030 жылға дейін Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының жобасын дайындау барысы туралы ақпарат тыңдалды.

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің 2030 жылға дейінгі өнеркәсіптік ынтымақтастығының негізгі векторларын айқындайтын осы құжаттың маңыздылығын ескере отырып, Комиссия оны ағымдағы жылдың күзінде Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында бекітуді ұсынды.

Естеріңізге сала кетейік, ЕАЭО шеңберіндегі өнеркәсіптік ынтымақтастықты мүше мемлекеттер Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарына сәйкес қалыптастырады, оны үкіметаралық кеңес 5 жылдық кезеңге бекітеді (қазіргі Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттары 2025 жылға дейін әрекет етеді).

Сондай-ақ, тараптар биылғы жылы іске қосылатын өнеркәсіптік саладағы кооперациялық жобаларға қаржылай жәрдемдесудің жаңа тетігін талқылады.

Барсегян Гоар Ашотовна ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы тиісті хаттама күшіне енгеннен кейін қазақстандық тарап кәсіпорындарының кооперациялық жобаларына қатысудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығының жекелеген тауарлары бойынша индикативтік баланстарды қалыптастыру мәселелері, одан бөлек өзара әрекеттесудың басқа да мәселелері талқыланды.

Жалпы кездесу өзара түсіністік атмосферасында сындарлы түрде өтті.