Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ ынтымақтастық комитетінің сауда конфигурациясындағы 7-ші отырысы өтті

Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ ынтымақтастық комитетінің сауда конфигурациясындағы 7-ші отырысы өтті

2024 жылдың 9 сәуірінде Брюссельде ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевтың және Еуропалық Комиссияның Сауда жөніндегі Бас дирекциясындағы Е дирекциясы директорының міндетін атқарушы  және Жалпы Оңтүстік көршілермен, Таяу Шығыспен, Түркиямен, Ресеймен және Орталық Азиямен басқару, директордың бас кеңесшісі  Леон Дельвоның тең төрағалығымен ҚР-ЕО ынтымақтастық комитетінің сауда конфигурациясындағы 7-ші отырысы өтті.

Қазақстан Республикасы мен ЕО мемлекеттік органдарының спикерлері, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Қаржы министрлігі, Әділет министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, «ССДО «QazTrade» АҚ және «Қазстандарт» АҚ өкілдері бұл жиынға онлайн форматта қатысты.  

Комитеттің 7-ші отырысында кең ауқымды мәселелер талқыланды: сауда-инвестициялық өзгерістер мен тенденциялар; КСЫК-нің сауда бөлімін жүзеге асыру; Ready4Trade Орталық Азия жобасын іске асыру; санитарлық және фитосанитарлық шаралар, оның ішінде ЕО нарығына жеткізілетін қазақстандық тауарлардың ассортиментін кеңейту; экспорттық кәсіпорындардың тізбесі; ЕО-да ауруды аймақтандыру шараларын тану; Ауыл шаруашылығы комиссары Войцеховскийдің жоғары деңгейдегі миссиясы. 

Техникалық реттеу, стандарттау, метрология саласындағы өзара іс-қимылдың маңыздылығы да айтылды.

Сонымен қатар, 7-отырыстың қорытындылары бойынша КСЫК-нің 196-бабына сәйкес арбиторлар бойынша келісімге қол жеткізді.