Қазақстан мен БеНиЛюкс елдері сауда және инвестициялық серіктестікті кеңейтуге мүдделі

Қазақстан мен БеНиЛюкс елдері сауда және инвестициялық серіктестікті кеңейтуге мүдделі

БеНиЛюкс-Қазақстан сауда келіссөздері форматындағы алғашқы кездесу 2024 жылғы 15 ақпанда Назарбаев Университетінде өтті. Қатысушылар ЕО елдері арасындағы тауар айналымы бойынша нәтижелерге шолу жасады, сондай-ақ сауда мен инвестицияларды дамытудың одан әрі перспективаларын талқылады.

Іс-шараны «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ және БеНиЛюкс өңірінің Сауда палатасы ұйымдастырды. Серіктестердің ынтымақтастықты нығайту және сауда өзара іс-қимылын кеңейту туралы бірлескен бастамасы мемлекет пен бизнес өкілдерінен кең жауап алды. Қонақтарға Бельгия мен Нидерланды елшілері, KazakhExport өкілдері, бизнес-сектор өкілдері, зерттеушілер мен Назарбаев Университетінің, Бизнес мектебінің академиялық қоғамдастық мүшелері кірді.

БеНиЛюкс Сауда палатасының Президенті Ван ден Вейх Денис атап өткендей, Қазақстан Орталық Азия өңірінің экономикалық көшбасшысы ретінде жаһандық сауданы қалпына келтіруге және жақсартуға өз үлесін қосуға ұмтылады. 2015 жылы Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасында Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Уағдаластықтар екіжақты қатынастардың нығаюына оң әсер етті, бұл экспорттық-импорттық жеткізілімдердің кеңеюіне де әсер етті.

2023 жылы Қазақстанның ЕО елдерімен сауда-саттығының жалпы көлемі 41,4 млрд долларға жетті, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңінен 3,5%-ға жоғары. Қазақстандық тауарлардың Еуропа нарығына экспорты біршама төмендеп, 31 млрд долларды құрады. Қазақстанға импорттық жеткізілімдер 10,4 млрд долларға дейін өсті. Қазақстанның ЕО-дағы негізгі сауда серіктестері БеНиЛюкс құрамына кіретін Бельгия мен Нидерланды болып табылады. Бұл елдер инвестициялардың негізгі үлесін де құрайды.  

Ван ден Вейх Денистің айтуынша, Қазақстан сауданы кеңейту үшін жақсы әлеуетке, қажетті ресурстарға және стратегиялық орналасуға ие. Кездесуге қатысушылардың пікірінше, бұл процесте Транскаспий транзиттік маршрутының дамуы ерекше рөл атқара алады. Болашақта Орта дәліз деп аталатын жеткізу тізбегін қайта құрылымдау аясында Солтүстік дәлізге толыққанды балама бола алады. Бұл Қазақстанға, БеНиЛюкс және ЕО елдеріне барынша пайда алуға мүмкіндік береді.

Атап айтқанда, Бельгия Корольдігінің Қазақстандағы Елшісі Анри Вантигем Қазақстанның Орта дәліз арқылы сауда ағындарын дамыту бойынша үлкен мүмкіндіктерін, сондай-ақ БеНиЛюкс өңірі мен басқа да еуропа елдерінің көлік қатынасының жеңілдігін атап өтті.

Орта дәлізді сәтті дамыту Қазақстанға металлургия, химия, машина жасау, құрылыс және фармацевтика өнеркәсібі тауарларының экспортын ұлғайтуға көмектеседі, олар бойынша ЕО-на экспорттың 2,3 млрд доллар көлемінде өсу әлеуеті бар. Өз кезегінде ЕО және БеНиЛюкс елдері Орта дәліз бойынша процестерді оңтайландыру есебінен өз тауарларын Қазақстанға тезірек жеткізе алады.

Нидерланды Елшісі Нико Шермерс өз тарапынан кедергісіз сауданы қамтамасыз ету үшін тұрақты құқықтық жүйенің, ашықтықтың, бірыңғай нормалар мен стандарттардың маңыздылығын атап өтті. Бұл бизнесті қосымша тартуға ықпал етеді және экспорттық-импорттық жеткізілімдерді ұлғайтуға серпін береді.

Қазақстан мен БеНиЛюкс елдері арасындағы сауда жөніндегі панельдік сессия аясында «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Халықаралық интеграция департаментінің директоры Айнұр Әмірбекова шикізаттық емес экспорттаушыларды мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып берді. Бүгінде Қазақстанда ДСҰ заңнамасын қатаң сақтай отырып, шикізаттық емес экспорттаушылар мен өндірушілерге Сауда және интеграция министрлігінің QazTrade базасында қаржылық емес және сервистік қолдау шаралары ұсынылады. Атап айтқанда, экспортты ілгерілету және қазақстандық өндірушілерді халықаралық маркетплейстерге шығару жөніндегі бағдарламалар жұмыс істейді. Перспективалы экспорттаушылар үшін тауарлар мен қызметтерді таныстыру және жаңа серіктестер іздеу үшін басым елдерге сауда-экономикалық миссиялар ұйымдастырылады. «KazakhExport» экспорттық-несиелік агенттігінің желісі бойынша қазақстандық кәсіпорындарға қолдаудың қаржылық құралдары, оның ішінде экспорттық несие беру қолжетімді.

Кездесу соңында қатысушылар БеНиЛюкс өңірі мен Қазақстан арасындағы қатынастарды дамыту үшін біздің елдеріміз арасындағы сауда ағындарын әртараптандыру қажет деген қорытындыға келді. Бұл тауарлар мен қызметтердің экспортын арттырады және барлық тараптарға тиімді болады. Сонымен қатар, Қазақстан БеНиЛюкс елдерімен серіктестік қатынастарды кеңейтуге мүдделі және тәжірибе алмасу, бірлескен жобаларды іске асыру және жаңа өндірістерді дамыту мақсатында технологиялар, зерттеулер мен инновациялар саласында ынтымақтасуға дайын.

QazTrade және БеНиЛюкс Сауда палатасы бірлескен жұмысты жалғастыруға және осындай іс-шараларды тұрақты түрде өткізуге келісті.