Сауда комитетінде жұмыртқа өндірушілерінің өкілдерімен келіссөздер өтіп жатыр

Сауда комитетінде жұмыртқа өндірушілерінің өкілдерімен келіссөздер өтіп жатыр

Сауда комитеті Құс өсірушілер одағының және еліміздің жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының басшыларымен, сондай-ақ құс фабрикаларының басшыларымен баға орнату мәселелерін және жұмыртқа бағасын тарифтік емес реттеу шараларын талқылауда.

Маусымдық қымбаттау кезеңінде жұмыртқа бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында тараптар жыл соңына дейін бағаны белгілей отырып, 1-санаттағы жұмыртқа бағасын тұрақтандыру жөніндегі ынтымақтастық туралы Меморандумның талаптарын қарастыруда.

Бұған дейін Қазақстан құс өсірушілер одағы және жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы арасында тауық жұмыртқасы бағасының өсуіне жол бермеу туралы Меморандум 2023 жылғы 30 қарашасында жасалған болатын, бұл мереке алдындағы кезеңде бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуге мүмкіндік берді.