Арман Шаққалиев Түркия Елшісі Мустафа Капуджумен кездесті

Арман Шаққалиев Түркия Елшісі Мустафа Капуджумен кездесті

Кездесу барысында ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Түркия Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің алғашқы бестігіне кіретінін атап өтті. Елдер арасындағы тауар айналымы 2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте $4,4 млрд құрады.  

«Бүгінде Түркия Қазақстанның басым сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестерінің бірі. Қазақстанда түрік капиталының қатысуымен 3800-ден астам компания (3 835) қызметін жүзеге асырады, бұл шет елдер арасындағы екінші көрсеткіш болып табылады. Түркиядан Қазақстанға соңғы 17 жылда тікелей инвестиция көлемі $4,6 млрд құрады», - деді Министр.

Қазақстан қайта өңделген өнімді экспорттау үшін үлкен әлеуетке ие, қосылған құны жоғары $796 млн. Қазіргі уақытта екі елдің сарапшылары қызметтер саудасы саласында келісім жасасу мәселесі бойынша консультациялар жүргізуде.  

Өз кезегінде, Мустафа Капуджу Түркия Қазақстанның Тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып танығанын және екі ел арасындағы тарихи және мәдени саладағы қарым-қатынастың да маңызды екенін атап өтті.

«Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитінде өткен соңғы кездесуде біздің елдеріміздің президенттері Қазақстан мен Түркия арасындағы сауданы 15 млрд долларға дейін ұлғайтуға келісті», - деді Мустафа Капуджу.

Сонымен қатар, елшінің айтуынша, Қазақстанда 3,7 түрік компаниясы өз қызметін жүзеге асыруда, сондай-ақ Түркияның Қазақстанға тікелей инвестиция көлемі 4,6 млрд долларды құрайды. Түркия Қазақстанға инвестиция салатын топ-5 елдің қатарына кіреді және ынтымақтастықты жалғастыруға дайын.

Кездесу қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың 4-5 желтоқсанында Ыстамбұлда өтетін Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының (ИЫҰ) Экономикалық және сауда ынтымақтастығы жөніндегі тұрақты комитетінің (КОМСЕК) 39-шы отырысы талқыланды. Тараптар КОМСЕК 39-шы отырысы шеңберінде ынтымақтастық туралы одан әрі ұсыныстарды талқылауды жалғастыру туралы уағдаласты.