Мәжіліс шикізаттық емес тауарлар мен қызметтердің экспортын қолдау үшін заң қабылдады

Мәжіліс шикізаттық емес тауарлар мен қызметтердің экспортын қолдау үшін заң қабылдады

Бүгін, 8 қарашада Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар екінші оқылымда экспорттық-несие агенттігі және шикізаттық емес тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспортын ілгерілету мәселелері бойынша түзетулер қабылдады.

«Заң жобасы Мемлекет басшысының Жолдауда айтылған тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді. Бұл қадам экспорт-несие агенттігін құруға бағытталған, оған Ұлттық институт мәртебесі беріледі», – деді Мәжіліс депутаты Руслан Қожасбаев.

Жаңа заң аясында экспорт-несие агенттігінде пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау, сондай-ақ бизнес өкілдерін сақтандыру және қайта сақтандыру сияқты құралдар пайда болады. Осылайша, Қазақстанда бір терезе қағидаты бойынша отандық экспорттаушыларға кешенді қолдау көрсететін институт пайда болады.