Қазақстандық бизнес Сауд Арабиясы нарығына шығуға мүмкіндік алады

Қазақстандық бизнес Сауд Арабиясы нарығына шығуға мүмкіндік алады

2023 жылғы 24-26 қараша аралығында экспортты мемлекеттік қолдау шараларының операторы QazTrade қазақстандық тауар өндірушілер үшін Сауд Арабиясына, Эр-Рияд қаласына сауда-экономикалық миссиясын ұйымдастырады.

Іскерлік сапардың мақсаты - Сауд Арабиясының бизнес-серіктестерімен ынтымақтастық орнату, импорттаушылармен, трейдерлермен және дистрибьюторлармен келіссөздер жүргізу, Қазақстаннан экспорттық жеткізілімдер туралы уағдаласу.

Сауд Арабиясына қазақстандық экспорттың әлеуеті 428 млн долларға бағаланады. Тауар өндірушілер Парсы шығанағындағы ең ірі елдің нарығына 75 атаумен отандық өнімді жеткізе алады. Металлургия және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары, атап айтқанда ет өнімдері, бал, ұн және кондитерлік өнімдер үлкен экспорттық мүмкіндіктерге ие.

Бүгінгі таңда Сауд Арабиясы экспорттаушыларының тізіліміне 34 қазақстандық ет және бал өнімдерін өндіруші енгізілген.

2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы тауар айналымы 16,5 млн долларды құрады, оның ішінде экспорт үлесіне 4,7 млн доллар келеді.

САК нарығы отандық азық-түлік экспорттаушылары үшін ең перспективалы болуы мүмкін, өйткені Араб түбегі елі азық-түліктің 80%-дан астамын өз қажеттіліктері үшін импорттайды.

Сауда миссиясы шеңберінде «QazTrade» АҚ-ы іскерлік кездесулер мен В2В келіссөздер жүргізу үшін қатысушылардың тұруына, болатын еліндегі трансферге және аудармашыларға арналған шығыстарды жабады.

Қатысу мәселелері бойынша мына телефондармен байланысуға болады: Әсел тел.+7 775 230 09 82 (Whatsapp), Әлия тел. +7 701 553 58 15 (Whatsapp).

Тауар өндірушілерден өтінімдер 10 қарашаға дейін қабылданады, тіркеу сағат 10:00-де жабылады. Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/pyxRn6mNZgbjFThV8