ДСҰ мүшелері қорғау шаралары, субсидиялар, өтемақы шаралары және демпингке қарсы тәжірибелер мәселелерін талқылады

ДСҰ мүшелері қорғау шаралары, субсидиялар, өтемақы шаралары және демпингке қарсы тәжірибелер мәселелерін талқылады

2023 жылғы 25-27 қазан аралығында ДСҰ-ның арнайы қорғау шаралары, субсидиялар және өтемақы шаралары, сондай-ақ жылына екі рет өткізілетін демпингке қарсы практикалар жөніндегі комитеттерінің отырыстары өтті.

Отырыстар барысында ДСҰ мүшелерінің арнайы қорғау, өтемақы және арнайы қорғау шараларына қатысты жаңа, өзгертілген немесе бұрын қайта қаралған заңдар мен ережелер туралы хабарламалары, 2023 жылғы 1 қаңтар мен 30 маусым аралығындағы жартыжылдық нотификациялар, сондай-ақ қаралмаған өткен жылдардағы нотификациялар қаралды.

Тұтастай алғанда, ДСҰ мүшелері қабылданған қорғау шараларының үздіксіз өсуіне алаңдаушылық білдірді, және арнайы қорғау шаралары жөніндегі келісімді қатаң сақтауға, сондай-ақ субсидиялар бойынша хабарламаларды жариялау мен міндеттемелерге қатысты транспаренттілік қағидатын ұстануға шақырды.

Қазақстан ГАТТ-тың 17.1-бабына және субсидиялар мен өтемақы шаралары жөніндегі келісімнің 25-бабына сәйкес 2020 жылға арналған өнеркәсіптік субсидиялар бойынша хабарлама жіберген. ДСҰ мүшелері тарапынан біздің нотификацияға қатысты мәселелер болған жоқ.

Сонымен қатар, демпингке қарсы практика комитеті барысында Ресей тарапы АҚШ пен ЕО-ның "нарықтық емес экономикалардан" шығатын өнімдерге қатысты демпингтік маржаны есептеу үшін "нарықтық емес әдістерді"қолдану мәселесін көтерді.

Сонымен қатар, Қазақстан тарапы екіжақты кездесулер барысында Қытайдан, Үндістаннан, Ресейден, Қазақстаннан, Беларусьтен, Тайваньдан және Таиландтан шыққан ыстықтай илектелген прокатқа қатысты Индонезияның жалғасып жатқан демпингке қарсы тергеуі, сондай-ақ қазақстандық қайың фанеріне қатысты Еуропалық комиссияның демпингке қарсы тергеуі бойынша алаңдаушылық білдірді.

Индонезия жүргізген тергеу аясында 2023 жылдың 31 қазанында онлайн режимінде өтетін қоғамдық тыңдаулар жоспарланған.

Комитеттердің келесі отырысы 2024 жылдың көктемінде жоспарланып отыр.