Қазақ тілін меңгеруге байланысты қойылатын жаңа талаптар

Қазақ тілін меңгеруге байланысты қойылатын жаңа талаптар

Елордада стандарттау жөніндегі кеңейтілген ғылыми-техникалық кеңес өткізіліп, Қазақстан Республикасы ұлттық стандарттарының жобалары, оның ішінде қазақ тілін меңгеру деңгейі бойынша тілдің коммуникативті құзыреттілік жобалары мақұлданған болатын.

Кеңеске ҚР Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Жарылқасынұлы, «Ақ жол» ҚДП төрағасының орынбасары, сондай-ақ ҚР Ұлттық тестілеу орталығының өкілі Ерсұлтанова Гүлнұр Серікбайқызы қатысты.

Стандарттаудын негізгі мақсаты - қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау болып табылады, содан кейін ҚР Ұлттық тестілеу орталығы тестілеу жүргізіп, тиісті сертификаттар тапсыратын болады.

«Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңның қабылдануымен әзірленген стандарттар жұмысты нақты нормалар мен талаптарға сәйкестендіруді аса қажет етіп отыр», - деп атап өтті ҚР Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Жарылқасынұлы.

Тестілеуден міндетті түрде келесі көрсетілген санаттар өтетін болады:

- магистратура мен докторантураға түсетін студенттер;

- мемлекеттік әкімшілік қызметтің «А» корпусының кадр резервіне енгізілген қызметкерлер;

- «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлер;

- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясына оқуға түсуге үміткер студенттер;

- Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері.

Бұл тестілеуді 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізу жоспарлануда. Әзірлеуші ҚазСтандарт болып табылады.

ҚазСтандартта нақтыланғандай, аталған стандарттар ерікті сипатқа ие. Заңнамада немесе басқа да нормативтік актілерде оларға сілтеме жасалғаннан кейін олар міндетті болады.