ҚР Cауда және интеграция министрі А. Шакқалиев Австралиядағы ҚР Консулдығының құрметті консулы Эндрю Фернихоу мырзамен кездесу өткізді

ҚР Cауда және интеграция министрі А. Шакқалиев Австралиядағы ҚР Консулдығының құрметті консулы Эндрю Фернихоу мырзамен кездесу өткізді

Эндрю Фернихоу (Andrew Ferneyhough) мырза экспорттық әлеуетті жеделдету алгоритмін, тауар айналымын ұлғайту мүмкіндіктерін, оның ішінде сауда рәсімдерін цифрландыру мүмкіндіктерін таныстырды.

Кездесуде екіжақты ынтымақтастық, өзара тауар айналымын ұлғайту, оның ішінде сауда кедергілері, сертификаттау, техникалық реттеу мәселелері талқыланды.

Тараптар басым салалардағы одан әрі ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл туралы уағдаласты.