2023 жылғы 19 қыркүйекте Қазақстанның сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Тунис Республикасының Ауыл, су және балық шаруашылығы министрі Абдельмуним Белаатимен кездесті.
Қайрат Төребаев атап өткендей, Қазақстан Африка елдерімен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға үлкен мән беретіні атап өтілді.
Қазақстан мен Тунис арасындағы тауар айналымы 2023 жылғы қаңтар-шілдеде 49,6% - ға өсіп, $40 млн. құрады, оның ішінде қазақстандық экспорт 50,1% - ға өсіп, $34,7 млн. құрады.
Министр Абдельмуним Белаати, өз кезегінде, Тунис Республикасының импорттық және экспорттық әлеуеті туралы, сондай-ақ Африкадағы интеграциялық бірлестіктер, көліктік-транзиттік өзара іс-қимыл мүмкіндіктері туралы хабарлады.
Кездсу соңында, тараптар сауда-экономикалық қатынастарды дамыту, сондай-ақ екіжақты және көпжақты форматтағы өзара іс-қимыл бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін одан әрі ынтымақтастық туралы уағдаластыққа келді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы мен Тунис Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 23 қарашада орнатылған.
Қазақстан мен Тунис арасындағы тауар айналымы 2022 жылы $65,4 млн құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 2,2 есе жоғары ($30,1 млн.).