Қазақстан БАӘ-мен еркін сауда аймағын құру жөніндегі келіссөздерді жалғастыруда

Қазақстан БАӘ-мен еркін сауда аймағын құру жөніндегі келіссөздерді жалғастыруда

А.ж. 20-22 маусым аралығында Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында еркін сауда туралы келісім жасасу жөніндегі келіссөздердің екінші раунды өтті.

Қазақстанның келіссөздер делегациясын ҚР Сауда және интеграция министрлігінің және ҚР Сыртқы істер Министрлігінің сарапшылары ұсынды. Раунд барысында тараптар келісім жобасының тарауларын (Тауарлар саудасы, Сауданы қорғау шаралары, Тауарлардың шығу тегін анықтау ережелері, Кедендік ынтымақтастық, Электрондық сауда және т.б.) толтыруды талқылауды жалғастырумен қатар, тараптар арасындағы бажсыз сауданы қамтамасыз ету үшін тарифтік лықтандыруды қамтуды айқындау мақсатында болашақ келісімнің тарифтік бөлігін талқылауға бастамашылық жасады.    

Қазақстан мен БАӘ арасындағы екіжақты сауда белсенді дамып келеді, ал 2022 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы 632,6 млн. АҚШ долларын құрайды, оның ішінде Қазақстан экспорты 560 млн. АҚШ долл., ал БАӘ-ден импорт – 72,3 млн. АҚШ долл. 09рады. Болашақ келісім шеңберінде кедендік әкелу баждарының өзара жойылуы өз кезегінде сауда ағындарының ұлғаюына және БАӘ-мен сауда көлемінің одан әрі өсуіне ықпал етеді.

«Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстан Республикасы үшін де, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер үшін де маңызды сауда серіктесі болып табылады. Бізде өзара сауданы ұлғайтудың айтарлықтай әлеуеті бар, бұл осы келіссөздер үдерісін одан әрі маңызды етеді. Екінші раунд барысында тараптар келіссөздердің тарифтік бөлігіне көшкені маңызды болып табылады, бұл өз мәні бойынша барлық болашақ келісімнің негізі болып табылады», - деп атап өтті Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова. Ол сондай-ақ БАӘ-мен келіссөздер үдерісінің жоғары динамикасын және Тараптардың өзара тиімді келісімдерге қол жеткізуге деген ұмтылысын атап өтті.