Арман Шакқалиев Ресей ФСҚ цифрлық сервистері жұмысының негізгі қағидаттарымен танысты

Арман Шакқалиев Ресей ФСҚ цифрлық сервистері жұмысының негізгі қағидаттарымен танысты

А.ж. 31 мамыр -1 маусымында ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шакқалиев бастаған делегация Мәскеуге барып, Ресей Федерациясының Федералды салық қызметінің цифрлық сервистерінің мүмкіндіктерімен танысты.

Осылайша, делегацияны ішкі нарықты бақылау және мониторингілеу, тауарлардың қозғалысын есепке алу, сондай-ақ саудада делдалдардың жасанды түрде құрылатын буындарын анықтау жөніндегі функцияларды іске асыру жүйелері қызықтырды. Қосылған құн салығын төлеуді бақылаудың автоматтандырылған жүйесі (ҚҚС БАЖ) жұмысының ерекшеліктері туралы Ресей Федерациясының Салық басқармасы басшысының орынбасары Александр Егоричев баяндады. Бұл ҚҚС есептеудің дұрыстығын бақылауға, сондай-ақ контрагенттердің шот-фактураларындағы мәліметтер арасындағы сәйкессіздіктерді анықтауға мүмкіндік береді. Бақылау-кассалық техниканы қолдануды бақылаудың автоматтандырылған жүйесінің (БКТ БАЖ) артықшылықтарын Ресей Федерациясының Федералды салық қызметі басшысының орынбасары Андрей Бударин көрсетті. Бұл нақты уақыт режимінде елдегі барлық сатушылардан алынған деректерді жинауға, өңдеуге және визуализациялауға мүмкіндік береді. Жүйенің басты артықшылықтарының бірі – әр түрлі салалар бойынша экономиканың макро көрсеткіштерінің ыңғайлы мониторингі, бұл бейінді мемлекеттік органдарға дәлелденген өзекті деректер негізінде шұғыл шешім қабылдауға көмектеседі.

Арман Шакқалиев мемлекет үшін мұндай сервистерді құрудың маңыздылығын атап өтті, өйткені олар әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен азық-түлік өнімдерінің бағасын қадағалау мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің өкілдері тауар позицияларын талдау құралының жұмысына қызығушылық білдірді, оның жұмыс істеу принципі кластерлік талдау және нейрондық желілер технологияларына негізделген, бұл чектердің мазмұнын талдауға және тауарлардың салалары мен түрлері бойынша статистиканы қалыптастыра отырып, олардан деректерді автоматты түрде топтастыруға мүмкіндік береді. Әріптестер ішкі нарықтағы тауарлардың есебі мен қозғалысын бақылауды қамтамасыз ететін қадағалау жүйесінің жұмысымен де танысты.