Қазақстан - әлемдік сапа инфрақұрылымының біртұтас бөлігі

Қазақстан - әлемдік сапа инфрақұрылымының біртұтас бөлігі

ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ұлттық аккредиттеу орталығы қызметінің ISO/IEC 17011, ISO/IEC 17065, ISO/IEC 17024, ISO/IEC 17024, ISO/IEC 17021 және т.б. халықаралық стандарттарына сәйкестігін растау мақсатында 27 мамырдан бастап Қазақстанда болған Азия – Тынық мұхиты ынтымақтастығы АРАС  аккредиттеу жөніндегі сарапшылар тобының елімізге сапары аяқталды.

АРАС тарапынан жоспарлы бағалау әлемдік ауқымдағы сапа жүйесіндегі қызметті жоғары көрсекіш болып табылады. АРАС жұмыс топтары мерзімді негізде АРАС-қа мүше елдерді аккредиттеу жөніндегі органдардың (Азия-Тынық мұхиты өңірінің 32 елінен 55 толық құқылы қатысушы ұйымдар) қызметін бақылауды жүзеге асырады, олар өз кезегінде өз мемлекеттерінің ішінде бизнес субъектілерін аккредиттеуді іске асырады. Осылайша, АТМ-ның бүкіл географиялық кеңістігінде Сапа менеджментінің вертикалы жұмыс күйінде сақталады.

ҰАО халықаралық аккредиттеу ұйымдарының толыққанды мүшесі ретінде: АРАС, ILAC (зертханаларды аккредиттеу жөніндегі халықаралық кооперация) және IAF (аккредиттеу жөніндегі халықаралық форум) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған сәйкестікті бағалау саласындағы жалғыз мемлекеттік орган ретінде өз құзыретін тұрақты түрде растайды.

ҰАО бас директоры Талғат Момышев АРАС бағалау тобымен өткен қорытынды кеңесте ұжым атынан халықаралық топқа бірлескен жұмысы үшін алғыс айтып, жүргізілген бағалаудың объективтілік, қағидаттылық пен әділдікті атап өтті.

«Біз үшін АРАС сарапшыларының сапары ұзақ дайындықпен, толқумен, берілетін нәтижеге алаңдаумен ұштасқан маңызды емтиханға айналды. Бірақ біз АРАС-қа және әрқайсыңызға біздің жұмысымызды жан - жақты терең бағалағаныңыз үшін, кәсіби көзқарасыңыз үшін алғыс айтамыз», - деп атап өтті Т.Момышев.

Жұмыс барысында Индонезия, Малайзия, Пәкістан, АҚШ және Шри-Ланкадан келген халықаралық сарапшылар ҰАО қызметінің барлық аспектілерін, соның ішінде менеджмент жүйесін және қазақстандық бағалаушылардың жұмыс барысын бақылауды: сертификаттау, менеджмент жүйелерін бағалау жөніндегі органдарда, медициналық, сынақ, калибрлеу зертханаларында және кәсіпорындарда жан-жақты зерделеді.

Сапар қорытындысы бойынша халықаралық сарапшылар ҰАО-на өз ұсыныстар тізбесін әрі қарай пысықтау үшін  қалыптастырды.

«ҰАО-ның қызметі өте жоғары деңгейде, сізде өте мықты команда бар», - деп атап өтті топ басшысының орынбасары Донни Пурномо Януарди (Donny Purnomo Januardhi), - дегенмен, одан да жоғары деңгейге жету үшін әрқашан өзгерістерге орын бар.

Халықаралық стандарттардың талаптарын жұмыста орындау және оларды аккредиттелген кәсіпкерлік субъектілерінің сақтау арқылы ҰАО бәсекеге қабілеттіліктің негізі ретінде Қазақстанның сауда-экономикалық әлеуетіне тікелей әсер ету факторы аясында ISO талаптарын ілгерлетеді.