Қазақстан мен Филиппин арасындағы тауар айналымы 3 айда 2,4 есеге ұлғайды

Қазақстан мен Филиппин арасындағы тауар айналымы 3 айда 2,4 есеге ұлғайды

2023 жылғы 31 мамырда Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция Вице-министрі Қайрат Төребаев Филиппиннің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Игор Гарлит Байленмен кездесті, деп ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылап, екіжақты тауар айналымының ағымдағы көлемі оның әлеуетіне сәйкес келмейді деген бірауыздан пікір білдірді. Тараптар екіжақты сауда көлемін ұлғайту бойынша бірлескен жұмыс жүргізуге уағдаласты. Қайрат Төребаев өз кезегінде мақсаты қазақстандық шикізаттық емес тауарларды үшінші елдердің нарықтарына шығаруға жәрдемдесу болып табылатын Министрлік «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-пен бірлесіп іске асырып жатқан Экспорттық акселерация бағдарламасы туралы хабардар етті. Филиппиндік тарап мұнай және мұнай өнімдерін импорттауға, сондай-ақ, балық өнімдерін, кокос жаңғағын және т.б. Қазақстанға жеткізуге мүдделі екенін хабарлады.

2023 жылғы қаңтар-сәуірде Қазақстан мен Филиппин арасындағы тауар айналымы 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,4 есе ұлғайып, 8,9 млн. АҚШ. долл. құрады.