Алматыда Еуропалық Одақ-Орталық Азия 2-ші экономикалық форумы басталды

Алматыда Еуропалық Одақ-Орталық Азия 2-ші экономикалық форумы басталды

2023 жылғы 18 мамырда Алматыда Еуропалық Одақ-Орталық Азия екі күндік 2-ші экономикалық форумы басталды. Бірінші күні қатысушылар компаниялар алдында тұрған практикалық мәселелер туралы өз пікірлерімен бөлісті, сондай-ақ өңірлердің сауда әлеуетін ашуға және ЕуропалықОдақ пен Орталық Азия арасындағы сауда байланыстарын ілгерілетуге бағытталған бизнес пен үкіметтердің басымдықтары туралы айтты.

Сонымен қатар, қатысушылар екі өңірарасындағы іскерлік байланыстарды ынталандыружәне экономикалық байланыстарды кеңейту үшін ОА мен ЕО-ға енгізілген озық цифрлық шешімдерді талқылады. Орталық Азия сауда академиялары туралы ақпарат ұсынылды. Атап айтқанда, Орталық Азиядағы университеттер, мемлекеттік мекемелер және жеке бизнес трейдерлерге виртуалды оқу кеңістігі сияқты инновациялық әдістердің көмегімен өңірлік деңгейдегі сауда мен ЕО нарығына шығуға көмектесу үшін қалайша күш біріктіретіні туралы.

Сондай-ақ, Орталық Азия елдерінің мемлекеттік және жеке секторы өкілдерінің қатысуымен «Іnfo Trade Central Asia Gateway»сауда рәсімдерін оңайлату жөніндегі өңірлік порталдың ресми іске қосылуы болып өтті, ол бизнес-қоғамдастыққа Орталық Азия дәліздері бойындағы трансшекаралық формальдылықтарға шолу жасайды.

Порталды талқылау мен іске қосуда қазақстандық тарапты Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Балықбаев мырза таныстырды, ол тауар ағындарын ұлғайтудың маңызды драйвері жолға қойылған көлік-логистикалық инфрақұрылым мен сервистер болып табылатынын атап өтті. Осыған байланысты тұрақты экспортты қамтамасыз етуге және транзиттік әлеуетті капиталдандыруға қабілетті халықаралық көлік дәліздері үлкен рөл атқара бастады. Бұл тұрғыда «Транскаспий халықаралық көлік маршруты (ТХКМ)» дәлізін дамыту өзекті бола түсуде.

Сонымен қатар, «Qaztrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Бас директорының орынбасары Нұрлан Құлбатыров мырза «Ақылды сауда - ЕСЦА дәліздеріндегі бизнес-операциялардың реинжинирингі» сессиясын ақатысты.

Экономикалық форумның бірінші күнінбірлесіп ұйымдастырушы Халықаралық сауда орталығы болып табылады, оның институционалдық серіктесі Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі және «Qaztrade» АҚ болып табылады.

Бұдан басқа, 2023 жылғы 16-17 мамырда Алматы қаласында Орталық Азиядағы сауда рәсімдерін оңайлату жөніндегі порталдар бойынша өңірлік дөңгелек үстел өтті, онда сауда рәсімдерін оңайлату жөніндегі ұлттық порталдармен ахуалға шолулар ұсынылды және оларды іске асырудағы проблемалар, мүмкіндіктер, тәжірибе алмасу және порталдарды дамытудың алдағы бағыттары, сондай-ақ Орталық Азиядағы сауда рәсімдерін оңайлату жөніндегі сауда рәсімдерін жеңілдету талқыланды.