Қазақстанның сауда министрлігі және Қытайдың цифрлық экономикасы үшін шешімдердің жетекші жеткізушісі ынтымақтастық туралы келісті

Қазақстанның сауда министрлігі және Қытайдың цифрлық экономикасы үшін шешімдердің жетекші жеткізушісі ынтымақтастық туралы келісті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары аясында Қазақстанның сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев пен Xinjiang Shutu Technology Co., Ltd Бас директоры Мо Шэнцзюнь ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Xinjiang Shutu Technology Co., Ltd жасанды интеллект, цифрлық экономика саласындағы шешімдер мен технологиялардың жетекші жеткізушісі болып табылады. Қол қойылған құжатқа сәйкес тараптар Қазақстан мен ҚХР арасындағы өзара сауданы дамыту, нарықты дамытудың жаңа сауда модельдері мен әдістерін зерделеу саласында өзара іс-қимыл жасауға ниетті. Атап айтқанда, қазақстандық тарапты Ауыл шаруашылығын басқару, Азық-түлік тауарларының тауар балансы және басқа да салалардағы компанияның қолданыстағы цифрлық әзірлемелері қызықтырды. Қытайлық компания Қазақстанда жоғары технологиялық экспортқа бағдарланған тауарларды, жеміс-көкөніс және ет өнімдерін өндіру орталығын салуға ниет білдірді.