
ҚытайХалықРеспубликасыТөрағасының бастамасыменОрталық Азия елдерінің көшбасшыларышақырылғанҚытайОрталық Азиясаммитіқарсаңында ҚР Саудажәне интеграция министрлігіQaztrade-мен бірлесіп Сиань қаласында бизнес үшінсауда-экономикалық миссиясын ұйымдастырды
Іскерлікіс-шараға 15-17 мамыраралығында40-танастамқазақстандықазық-түліктауарларын өндірушілерқатысадыБұл май жәнеетөнімдерін, макарон жәнекондитерлікөнімдерді, бал, шарап жәнеарақөнімдерінкебекшырындаржәнебасқаларын шығаратынкәсіпорындардыңөкілдері
Қытайтарапынан бизнес-кездесуге 800-ден астам кәсіпкерсондай-ақ Сиань қаласындағы ҚР Бас консулдығының, Сиань қаласыныңХалықаралық сауданыдамытуғажәрдемдесукомитетінің, Сиань қаласыныңХалықмуниципалитетінің, Шэньси провинциясыныңСыртқыістермәселелеріжөніндегі кеңсесінің, Сиань қаласыныңСыртқыістермәселелері жөніндегікеңсесініңөкілдерікелді
ҚР Саудажәне интеграция вице-министріҚайрат Төребаевөзінің құттықтау сөзінде пандемияданкейінгі кезеңгеқарамастанҚазақстан мен ҚХР арасындағы өзарасаударекордтықкөрсеткіштергеқолжеткізіпөткенжылы$24 млрд-танасқанын,оныңішінде қазақстандықөнімніңҚытайға экспорты үштенбірінен астамғаөсіп$13,2 млрдқұрағанын атап өтті
Сол сияқтыҚазақстандаҚытайтауарларына сұранысартыпкеледі. Импорт көлемі 33,5%-ғаөсіп$11,0 млрд құрады
Өсуүрдісібиыл да жалғасуда. 2023 жылғықаңтар-наурыздаҚазақстан мен Қытайарасындағытауар айналымы$5,9 млрдқұрадыбұлөткенжылдың сәйкескезеңіменсалыстырғанда ($4,6 млрд) 28,1%-ға жоғары
Қайрат Төребаевтың айтуынша, Қазақстанның ҚХР-ға экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуде үлкен әлеуеті бар. Бұл салқындатылған ет, балық өнімдері, құс еті және ет өнімдері және жоғары маржиналды тауарлардың басқа түрлері.
Қазақстандық компаниялар қытайлық тұтынушыға $1 млрд астам сомаға 135 қосымша тауар позициясы бойынша өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы тауарларының кең ассортиментін ұсынуға дайын, - деп еске салды вице-министр.
Өз кезегінде Сиань қаласы мэрі орынбасарының міндетін атқарушы Лу Лай Шенг қазақстандық бизнес пен мемлекеттік органдардың Қытай-Қазақстан ынтымақтастығын дамытуға қосқан оң үлесін атап өтті. Ол Қазақстанның «Бір белдеу-Бір жол бастамасын іске асыруға қатысуын жоғары бағалады.
Осыдан он жыл бұрын ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанда сөйлеген сөзінде «Жібек жолының экономикалық белдеуін» бірлесіп салу жөнінде бастама көтеріп, маңызды сөздер айтты: «Менің туған қалам Шэньсиде, ежелгі Жібек жолының бастапқы нүктесінде орналасқан. Бүгін біз Шэньси провинциясының Сиань қаласында «Бір белдеу-Бір жолбастамасының 10 жылдығын атап өту үшін жиналдық. Қытай-Қазақстан ынтымақтастығының жаңа жетістіктерінің куәсі болу мен үшін үлкен мәртебе және мақтаныш, - деді Лу Лай Шенг.
Іскерлік алаңында қазақстандық компаниялар өздерінің экспорттық әлеуетін таныстырып, отандық өнімдердің үлгілерін ұсынды. Сауда миссиясының қорытындысы бойынша ҚХР-ға шамамен $100 млн сомаға құрғақ түйе сүтін, сусындар, жұмыртқа кеспесін, ІҚМ және ҰҚМетін жеткізуге арналған экспорттық келісім шарттарға және сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы тағы да 4 меморандумға қол қойылды.
Сиань қаласындағы сауда миссиясы шеңберінде «KazakhExport ұлттық экспорттық сақтандыру компаниясы және «Ухань Ханьоу халықаралық логистикалық компаниясы (Wuhan Asia Europe Logistics Co.) ынтымақтастық туралы меморандумға және қол қойды.
Тараптар қазақстандық өнімді Қытай нарығына ілгерілету жөніндегі іс-шараларды бірлесіп ұйымдастыруға келісті.
Стратегиялық құжат Қазақстан мен Қытай компаниялары арасындағы бірлескен жұмыстың тиімділігін арттыруға, тығыз коммерциялық қатынастарды дамытуға және Қытайға дайын қазақстандық өнімнің шикізаттық емес экспортының көлемін ұлғайтуға бағытталған, - деді KazakhExport-тыңҚХР-дағы өңірлік директоры Сергей Салманов.
Ухань Ханьоу меморандумына сәйкес қазақстандық өнімді импорттайды және оны қазақтың ұлттық стилінде мамандандырылған стендтер орната отырып тақырыптық бөлімдер арқылы Хубэй провинциясы мен Қытайдың сауда желілерінде сататын болады.
Сонымен қатар, Сиань қаласына іскерлік сапар барысында қазақстандық экспорттаушылар үш күн ішінде Қытайдың өндірістік кәсіпорындарына барып, тәжірибе алмасып, ынтымақтастық үшін ортақ мүдделерді анықтай алды. Бұл QazTrade-нің Қытай аумағында офлайн форматта жүргізіп жатқан пандемиядан кейінгі алғашқы сауда-экономикалық миссисы
QazTrade сауда саясатын дамыту орталығыАҚ шағын және орта бизнес кәсіпорындарына өңделген тауарларды экспорттауға, қазақстандық шикізаттық емес өнімді өткізуге жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу бойынша мемлекеттік қолдау шараларын көрсетеді, Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттыруға ықпал етеді. «QazTrade»-нің жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі болып табылады.