Қазақстан мен Индонезия арасындағы тауар айналымы шамамен 400 млн. АҚШ

Қазақстан мен Индонезия арасындағы тауар айналымы шамамен 400 млн. АҚШ

А.ж. 3 сәуірде Джакарта қаласында (Индонезия) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен Индонезия арасында еркін сауда туралы келісім жасасу жөніндегі келіссөздердің бірінші раунды басталды.

Аталмыш келіссөздерге ҚР Сауда және интеграция министрлігі, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті, сондай-ақ ҚР Индонезиядағы Елшілігінің өкілдерінен тұратын топ қатысты.

«Индонезия - әлемдегі  халық саны төртінші ел болып табылады. Оның экономикасы белсенді өсуде, көптеген сарапшылар Индонезияны экономикалық тұрғыдан ең перспективалы дамушы елдердің қатарына жатқызады. Еркін сауда туралы болашақ келісім қазақстандық тауарлардың осы нарыққа бажсыз режимде шығуына мүмкіндік береді», - деп Сауда және интеграция вице-министрі Ж.Кушукова атап өтті.

Қазірдің өзінде біздің елдеріміз арасындағы өзара сауда 400 млн. АҚШ долл. құрауда. Біз Индонезияға ферроқорытпаларды, асбестті, электр жабдықтарының жекелеген түрлерін және 244,3 млн. АҚШ долл. құрайтын тағы басқа тауарлардың түрлерін жеткізудеміз. Өз кезегінде Индонезия Қазақстанға тұрмыстық техниканы, автокөліктерді және басқа да бірқатар тауарларды әкелуде. Жалпы алғанда 2022 жылы Индонезиядан импорттың мөлшері 155 млн. АҚШ долл. құрады.

«Біз келіссөздер процесін енді ғана бастағанымызға қарамастан, бұл іс-шараның өзі бизнес үшін жақсы сигнал болып табылады және отандық тауар өндірушілердің назарын осы нарыққа аударуға мүмкіндік береді», - деп толықтырды вице-министр.

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен Индонезия арасындағы келіссөздердің бірінші раунды 2023 жылғы 5 сәуірге дейін жалғасады. Тараптар болашақ келісімнің бірқатар бөлімдерін, олардың ішінде тауар саудасы, шыққан елін анықтау ережелері, саудадағы техникалық кедергілер, зияткерлік меншік мәселелері, қорғау шараларын қолдану және т. б. талқылауды жоспарлап отыр.