Қазақстанның GLP бойынша Еуропалық ЭЫДҰ-на кіруіне жәрдемдесу

Қазақстанның GLP бойынша Еуропалық ЭЫДҰ-на кіруіне жәрдемдесу

Қазақстандағы тиісті зертханалық тәжірибе (GLP) қағидаттарына сәйкестік мониторингі жөніндегі инспекторлар болып табылатын ҚР СИМ ТРМК Ұлттық аккредиттеу орталығының өкілдері 14-15 наурызда АҚШ-тың Мэриленд қаласында өткен ЭЫДҰ GLP жұмыс тобының
37-ші отырысында еліміздің атынан қатысты.

Отырысқа экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше 38 елден барлығы 100-ге жуық өкіл қатысты.

ҰАО GLP-инспекторлары 36-шы отырыстан кейін бір жыл ішінде Қазақстанның осы ұйымға интеграциялау бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтты.

– ЭЫДҰ GLP бойынша жұмыс тобы жыл сайын наурыз немесе сәуір айларында жиналады, – деді ҰАО GLP-инспекторлары, – және қатысушыларға ЭЫДҰ елдерінде тиісті зертханалық тәжірибе қағидаттарын сақтау бойынша жүргізілген инспекциялар мен зерттеулер аудиттері туралы есеп беріледі. Осыдан кейін осы сынақ орталықтарының
GLP сертификаттары мойындалады және зерттеу нәтижелерінің ЭЫДҰ GLP мүше 38 елінде еркін қозғалысы басталады.

ЭЫДҰ экономикалық дамыған мемлекеттерді әлемдегі тауарлар мен қызметтердің шамамен 2/3 бөлігін құрайтын еркін нарықтық экономикамен біріктіретінін ескере отырып, олардың арасындағы аккредиттелген зертханалық сынақтарды өзара тану халықаралық сауданы едәуір жеңілдетеді, техникалық кедергілерді алып тастайды, тауарлар мен қызметтердің қозғалысы процесінде келісімділік пен сенім дәрежесін арттырады.

Ұлттық аккредиттеу орталығы ЭЫДҰ-ға кіру мақсатында тиісті зертханалық практика қағидаттарын ілгерілету бойынша тұрақты және жоспарлы қадамдар жасайды. Сонымен, 2020 жылы ҰАО алғаш рет осындай шақыру Кеңесіне мәртебесіз қатысты; 2021 жылы – бақылаушы ретінде; 2022 жылы – GLP қағидаттарына адалдығын растау үшін. 37-ші отырысқа қатысудың негізгі қорытындысы ЭЫДҰ GLP-ге қабылдау алдындағы соңғы қадам болып табылатын тиісті зертханалық практика қағидаттары негізінде химиялық заттарды эксперименттік бағалау нәтижелерін өзара тану туралы ҰАО-ның MAD-келісіміне қосылу мүмкіндігін ЭЫДҰ тарапынан қарау болды.

ҰАО GLP-инспекторларының айтуынша, Қазақстанда өткен жылы ЭЫДҰ GLP-ге кейіннен кіру үшін ұлттық және халықаралық инспекторлардың қатысуымен GLP қағидаттарына сәйкестік мониторингі бойынша жұмыстар жүргізу үшін әлеуетті сынақ орталықтарының қажетті базасы қалыптастырылды және ҰАО осы бағалаудан өту үшін барлық күш-жігерін салатын болады.