Астанада ТМД-дағы ең ірі OZON фулфилмент орталығы ашылды

Астанада ТМД-дағы ең ірі OZON фулфилмент орталығы ашылды

Астанада жалпы ауданы 38 мың шаршы метрді құрайтын OZON электрондық маркетплейс-фулфилментінің Қазақстан бойынша алғашқы орталығы ашылды. Ашылу салтанатына Премьер-Министрдің орынбасары-сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин, Астана әкімі Жеңіс Қасымбек, Қазақстан Республикасындағы РФ Сауда өкілі Андрей Бабко, OZON өкілдері, Mercury Properties, «Базис-А» құрылыс компаниясының өкілдері қатысты.

Ашылу салтанатында Серік Жұманғарин өз сөзінде бүгінгі таңда Қазақстан электронды коммерция экожүйесін жүйелі және жан-жақты дамытып жатқанын атап өтті.

«Бүгінгі таңда электрондық сауданың үлесі еліміздің бөлшек сауда көлемінде шамамен 6%-ды құрайды. Алдағы жылдары біз оны 15%-ға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Менің ойымша, сауда тек интернетпен байланысты болатын уақыт та алыс емес. Біздің бизнесіміз үшін электрондық сауданы дамыту, ең алдымен, сауда көкжиегін кеңейту, сапаны арттыру болып табылады. Сонымен қатар, фулфилмент орталықтары өңірлік саудаға қуатты серпін береді», — деп атап өтті вице-премьер.

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елордада Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша кәсіпкерлерді қолдауға, қала экономикасына жеке инвестиция тартуға барлық жағдай жасалып жатқанын атап өтті.

«Ағымдағы жылы қалада жалпы соммасы 87 млрд теңгеге
25 инвестициялық жоба енгізіледі деп күтілуде. Мысалы, бұл өнеркәсіп, логистика, білім беру, спорт, АӨК және басқа да салалардағы жобалар. Жобаларды іске қосу қала тұрғындары үшін тұрақты жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Қалада фулмилмент-орталықтың ашылуы 40 млрд теңге жеке инвестиция тартуға мүмкіндік берді. Бұл Қазақстандағы электрондық коммерция саласындағы ірі жоба болып табылады»
, — деді Жеңіс Қасымбек.

Ірі логистикалық хаб қазақстандық кәсіпкерлерге өздерінің онлайн бизнесін кеңейтуге мүмкіндік береді: онлайн тапсырыстарды өңдеуге және тұтынушыларға тауарларды жеткізу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, облыста 2 мыңнан астам жұмыс орны ашылады.

«Rainbow Logistic»

ЖШС OZON логистикалық паркін салу жобасының қуаттылығы 70 мың шаршы метр қойма үй-жайларын құрайды (1-кезеке 40 мың шаршы метр, 2-кезеке 30 мың шаршы метр). Инвестиция көлемі-40 млрд. теңгені құрайды. Тауарлардың кең ассортиментін қабылдау үшін фулфилмент-орталықты іске қосу ағымдағы жылғы сәуірде жоспарланып отыр, тәулігіне кемінде
260 мың тапсырысты өңдеуге мүмкіндік береді. Азық-түліктен бастап электроника мен құрылыс материалдарына дейін кез келген санаттағы 9 миллионға дейін әртүрлі тауарлар сақтау мүмкіндігі бар.

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде кедендік әкімшілендіруді жеделдетуге және интернет-сауда рәсімдерін жеңілдетуге мүмкіндік беретін пилоттық жобаны іске қосу жоспарлануда. Сауда және интеграция министрлігі ҚР Қаржы Министрлігімен бірлесіп «Кедендік реттеу туралы». ҚР Кодексіне түзетулер жобасын әзірледі. Пилот шеңберінде барлық кедендік рәсімдерді, оның ішінде декларациялауды тұтынушының қалауы бойынша ғана электрондық сауда операторлары жүзеге асыратын болады.

Түзетулердің екінші жаңалығы - кедендік (бондтық) қойма рәсімі арқылы электрондық сауда тауарларын жеткізу. Осы рәсім шеңберінде шетелдік интернет-алаңдарда тауарлардың коммерциялық партияларын сақтау мерзімі 3 жылға дейінгі кеден (бонд) қоймасында орналастыру мүмкіндігі пайда болады деп болжанады. Осы уақыт ішінде кәсіпкерлер өз тауарларын Қазақстан Республикасының аумағында да, тапсырыстар түскен кезде үшінші елдерге де жеке тұлғаларға сатуға және жеткізуге, сондай-ақ пост-фактумды (сатып алу айынан кейінгі айдың 10-күніне дейін) жариялау мүмкіндігіне ие болады.

Анықтама: Озон – Ресейдегі ең ірі маркетплейстердің бірі. Қазақстандық кәсіпкерлер үшін OZON платформасына кіру 2021 жылдан бастап ашық, компанияларды Qaztrade сауда саясаты орталығының құралдары арқылы платформаға шығару және қызмет көрсету бойынша қолдау көрсетіледі. Қазіргі уақытта 17 феллмент орталықтары бар - Ресейдің 14 қаласында, Беларусьте (Минск қ.) және қазір Астанада салынды.

Бүгінгі таңда OZON платформасында 15 000-ға жуық қазақстандық сатушы тіркелген, олардың сату көлемі 2022 жылы 10 млрд теңгеден асты. Сайтта ең көп сұранысқа ие тауарлар - электроника, тұрмыстық тауарлар, балаларға арналған тауарлар және күнделікті қолданыстағы тауарлар.