Алматыда базарларды жаңғырту мәселелері бойынша кеңес өтті

Алматыда базарларды жаңғырту мәселелері бойынша кеңес өтті

Республикалық Достық Үйінің ғимаратында Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция бірінші Вице-министрі Арман Абайұлы Шакқалиевтің төрағалығымен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Елисұлы Әбдіқадыровпен бірлесіп базарларды жаңғырту мәселелері бойынша базар иелерімен жұмыс кездесуі өтті.

Аталған кеңестің жұмысына аумақтық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, сонымен қатар Алматы қаласы базарларының иелері қатысты.

Жұмыс кездесуі барысында базарларды жаңғырту, банктердің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау, базарларды жаңғырту мерзімдері, базарлар аумағына іргелес жатқан тұрақ орындарының болмауы бойынша проблемалық мәселелер талқыланды.

Қазіргі уақытта Алматы қаласындағы 44 базардың 15-і жаңғыртуға жатады.

Арман Абайұлы базар иелерімен айтылған барлық сұрақтар мен ұсыныстарды тыңдап, туындаған мәселелерді жедел шешу үшін осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтті.

«Өздеріңіз білетіндей, Сауда қызметін реттеу туралы заңда Астана, Алматы және Шымкент қалалары үшін 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін, облыстар үшін 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін мерзімдер белгіленген. Жаңғырту жұмыстары 2015 жылдан бастап жүргізілуде, алайда жаңғырту жұмыстары кешіктірілді. Базарларды жаңғыртуды одан әрі іске асыру және уақтылы аяқтау мақсатында Министрлік сауда базарларын жаңғырту жөніндегі Жол картасының жобасын әзірледі. Жақын арада әкімдіктерге жолданатын болады, соның негізінде әкімдіктер жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуден бастап жұмыстарды аяқтауға дейінгі жаңғырту барысын толық сипаттай отырып, әрбір нарық бойынша өңірлік деңгейде егжей-тегжейлі карталар әзірлнетін болады. Бұл карталар бойынша Үкімет тарапынан тұрақты мониторинг жүргізілетінін» - Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция бірінші Вице-министрі Арман Шаққалиев атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша қала базарларын жаңғыртуға қатысты барлық айтылған проблемалық сұрақтарға толық жауаптар беріліп, одан әрі жұмыс істеу үшін бақылауға алынды.