«Қазақстанда жасалған» таңбалау белгісі арқылы отандық өндірушінің танылуы

«Қазақстанда жасалған» таңбалау белгісі арқылы отандық өндірушінің танылуы

Мемлекет басшысының «Қазақстанда жасалған» жалпыұлттық жобасын іске қосу жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында ҚР Сауда және интеграция министрлігі отандық өндірушіні тану және қазақстандық тауарды ілгерілету үшін хабарлама жасау тәртібі арқылы «Қазақстанда жасалған» таңбалау белгісін қолдану моделін ұсынды.

Осы модель аясында «Қазақстан стандарттау және метрология институты» РМК бірыңғай техникалық талаптарды және таңбалау белгісін қолдану тәртібін белгілейтін ҚР СТ «Қазақстанда жасалған» таңбалау белгісі. Техникалық талаптар», ҚР СТ «Қазақстанда жасалған» таңбалау белгісін қолдану тәртібі. Жалпы ережелер» ұлттық стандарттардың жобалары әзірленді.

«Қазақстанда жасалған» таңбалау белгісін қолдану және салу бастамасы хабарлама жасау тәртібі арқылы отандық тауар өндірушілердің қолдауына ие және мүдделі болды, өйткені ол бірінші кезекте тұтынушылардың сапалы отандық тауар алуына бағытталған.

Осы тетікті ілгерілету жөніндегі жұмыстар жалғастырылатын болады.