Сауда министрлігі маңызды тауарлардың тізбесіне толықтырулар енгізілетін болады

Сауда министрлігі маңызды тауарлардың тізбесіне толықтырулар енгізілетін болады

ҚР Сауда және интеграция министрлігі "Елеулі маңызды тауарлар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 180 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" бұйрықтың жобасын әзірледі.

«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 2-тармағына сәйкес ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ұсынысы негізінде ҚР Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 180 «Елеулі маңызды тауарлар тізбесін бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген ең қажетті тауарлар тізбесіне толықтырулар енгізу қарастырылуда.

Бүгінгі таңда осы тізбеге енгізілген тауарларға уәкілетті органдар құзыреті шеңберінде ішкі нарықтағы шектік тапшылықты болдырмау немесе алдын алу мақсатында сауда саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша экспортқа тыйым салу және сандық шектеулер енгізуі мүмкін.

Қазіргі уақытта маңызды тауарлардың тізіміне азық-түлік тауарлары (бидай, ұн, қант, ет), сондай-ақ өнеркәсіптік және медициналық тауарлар кіреді.

ҚР ИИДМ ұсынысы бойынша тізбе халықтың коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктеріне арналған көмірмен, сондай-ақ оның ішкі нарығын қамтамасыз ету үшін күкіртпен толықтырылатын болады.

Осыдан кейін, Қазақстанның ішкі нарығында көмір мен күкірттің аса тапшылығы туындаған жағдайда, тапшылықты болдырмау және бағаны өсуіне жол бермеу мақсатында уәкілетті орган – ҚР ИИДМ көмір мен күкірт экспортына уақытша шектеу шараларын енгізуі мүмкін.

Бұйрықтың жобасы 2023 жылғы 17 ақпанға дейін талқылау үшін Ашық НҚА порталында (https://legalacts.egov.kz/npa)  орналастырылған.