Серік Жұманғарин Widberries басшысы Татьяна Бакальчукпен кездесті

Серік Жұманғарин Widberries басшысы Татьяна Бакальчукпен кездесті

Бүгін, 2023 жылдың 6 ақпанында Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Wildberries бас директоры Татьяна Бакальчукпен кездесті.

Бұл Қазақстан вице-премьерінің Ресей Федерациясының ірі маркетплейс өкілімен екінші кездесуі. Бұған дейін Мәскеуде, өткен жылдың желтоқсанында Серік Жұманғарин Татьяна Бакальчукпен Қазақстандағы электрондық алаңның өкілдігін кеңейту мүмкіндіктерін талқылады. Сол кезден бастап Алматыда жүкті сақтау және жинақтау бойынша логистикалық орталық салу бойынша инвестициялық жобасы бастау алды, жер учаскелері мен қойма үй-жайларын жалға алу мүмкіндіктері бойынша Астана әкімдігімен кездесу өткізілді.  Бизнес иегерінің айтуынша, компанияның Астана мен Алматыда өкілдікті дамытумен қатар, Қазақстанның басқа өңірлерінде де белсенді қызмет дамыту жоспарлары бар екенін хабарлады.

Татьяна Владимировнаның айтуынша, компанияның өз қызметін Астана мен Алматыда дамытумен қатар, Қазақстанның басқа өңірлерінде белсенді қызмет ету бойынша үлкен жоспарлары бар. 

Біз Қазақстанның алшақ өңірлерінде де өз қызметтімізді дамуға дайынбыз. Біз қазір Wildberries-те көптеген сатушылар бар екенін көріп отырмыз, соның ішінде біздің платформада табыс табатын әйелдер де бар, - дейді Татьяна Бакалчук.

"Қазпошта" АҚ деректері бойынша 2021 жылы электрондық сауда нарығының көлемі 1 286,8 млрд теңгені құрады, бұл бөлшек сауданың жалпы көлемінің 9,6% -. құрайды. 2022 жылдың 9 айында B2C электрондық сауда нарығының көлемі-806,9 млрд теңге. "Wildberries" ЖШҚ мәліметтері бойынша, 2021 жылдың қорытындысы бойынша Wildberries платформасындағы айналым 60,7 млрд теңгені құрады. 2022 жылдың 9 айында 6 749 өнім беруші тіркелді, қазақстандық кәсіпкерлердің тауарларын сату көлемі 46,2 млрд теңгеден асты. Қазақстан аумағындағы Wildberries жалпы көлемі – 92,4 млрд теңге, бұл Қазақстандағы электрондық сауданың жалпы көлемінің 11,4% -. құрайды (өсім 2021 жылмен салыстырғанда 52% -. құрады).