Сауда және интеграция мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің жаңа құрамы құрылды

Сауда және интеграция мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің жаңа құрамы құрылды

Сауда және интеграция министрлігінің жанынан Қоғамдық кеңес құрылды. ҚР СИМ Қоғамдық кеңесінің мүшелерін жұмыс тобының мүшелері ашық дауыс беруі арқылы таңдады.

Жалпы, кеңес құрамына 15 азаматтық қоғам белсендісі кірді. Олардың қатарында «Қазақстандық қант, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қауымдастығы» ЗТБ өкілі Айжан Наурзғалиева, «Қазақстан астықты қайта өңдеушілер одағы» ЗТБ өкілі Әлихан Талғатбек, «Өңдеу өнеркәсібі одағы» ЗТБ өкілі Әділбек Бектібаев, «Қазақстан Республикасының Сауда желілері одағы» ЗТБ өкілі Эльбеги Әбдиев, «Қазақстандық автокәсіпкерлік қауымдастығы» ЗТБ өкілі Ербол Сейпілов, «Қазақстан фермерлерінің қауымдастығы» ЗТжЖКБ өкілі Берік Сариев, Өзін-өзі ұсынушы VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты Амангалий Бердалин, «Қазақстан қаптаушылар қауымдастығы» ЗТБ өкілі Наталья Кузнецова, «Қазақстанның ет одағы» ЖКжЗТБ өкілі Асқар Жұбатыров, «Ақтөбе облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау орталығы» ҚБ өкілі Арслан Қарханов, «Техникалық реттеу және метрология жүйесіне қатысушылардың Қазақстандық Ассоциациясы» ЗТБ өкілі Дмитрий Савеленко, «Қазақстанның ФармМедИндустриясы» Қазақстанның фармацевттік және медициналық өнім өндірушілер қауымдастығы» ЗТБ өкілі  Гүлдария Манақпаева, «Bastama» бизнеске реттеушілік және салықтық әсерді бағалау институты» Қауымдастығы» ЗТжЖКБ өкілі Темірлан Жақыпбеков, өзін-өзі ұсынушы азамат Василий Михалченко, Қазақстан Республикасындағы өңірлік сауда жылжымайтын мүліктер иелерінің қауымдастығы» ЗТжЖКБ өкілі Руслан Шаекин бар.

Сонымен қатар, Қоғамдық кеңес мүшелерінің бірі кеңестен шығып кетуі жағдайына байланысты азаматтық қоғамнан кандидаттардың резервтік тізімі анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, Қоғамдық кеңес үш жыл мерзімге сайланады. Кеңестің өкілеттіктеріне бюджеттік бағдарламалардың жобаларын, Министрліктің стратегиялық жоспарларын және олардың орындалу барысын талқылау, НҚА жобаларын әзірлеуге және талқылауға қатысу, ҚР заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу және тағы басқалар жатады.