2022 жылғы 28-29 қарашада ДСҰ-ның Сауда рәсімдерін оңайлату жөніндегі комитетінің онлайн отырысы өтті, онда Қазақстан ДСҰ-ның Сауда рәсімдерін оңайлату туралы келісімін іске асыру қорытындылары туралы таныстырылым жасап, Ұлттық ақпараттық сауда порталын ұсынды.
Қазақстан Республикасы Сауда рәсімдерін оңайлату туралы келісімін іске асыру басталғаннан бері Қазақстанда тауарларды электрондық декларациялау, бюджетке электрондық кедендік және салықтық төлемдер, экспорттық-импорттық операциялар бойынша Бірыңғай терезе енгізілгенін, сондай-ақ 2022 жылғы 4 шілдеден бастап Сауда және интеграция министрлігінің Сауда порталы іске қосылғанын, оны әзірлеу 2020 жылғы тамыздан бастап жүргізілгенін атап өтті.
Бұл Портал аграрлық азық-түлік секторына баса назар аудара отырып, тауарлардың 50 түрі бойынша, оның ішінде экспорт бойынша 26 және импорт бойынша 32, көліктің 6 түрін (автомобиль, теміржол, әуе, теңіз, теңіз-автомобиль және теңіз-теміржол) пайдалана отырып, барлық экспорттық, импорттық және транзиттік формальдылықтардың толық сипаттамасын қамтиды.
Портал қажетті құжаттарды, нысандарды және қолданылатын қағидалар мен рәсімдерді қамтиды. Бұл ретте, 2023 жылы тауарлардың тізбесі, сондай-ақ экспорттық-импорттық операциялар рәсімдері кеңейтілетіні атап өтілді.
Қазақстан Республикасының Сауда порталының жұмысы халықаралық сауданы жүргізуге кететін уақыт пен шығындарды қысқартуға, сауда рәсімдерінің ашықтығы мен болжамдылығын қамтамасыз етуге көмектеседі; экспортқа/импортқа байланысты сауда рәсімдерін жақсарту жөніндегі реформаларды айқындауға көмектеседі, сондай-ақ Қазақстанның сауда рәсімдерін басқа елдермен салыстыруға мүмкіндік береді.
Бұдан әрі, Портал Қазақстанға сауда рәсімдерін оңайлату жөніндегі ДСҰ келісімінің тиісті ережелерін орындауға көмектеседі.
Өз кезегінде, ДСҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдері сауда рәсімдерін оңайлату келісімін іске асыру шеңберінде сауда рәсімдерін оңайлату бойынша атқарылған жұмыста Қазақстанның жетістіктерін атап өтті, Қазақстан Республикасының нотификацияларды уақтылы берудегі және Сауда рәсімдерін оңайлату келісімін орындаудағы ілгерілеуі жеке аталып өтілді.
Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар бұл платформа халықаралық сауда рәсімдерін оңайлату мәселелерінде елдер арасындағы одан әрі жемісті ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуға негіз болады деген пікір білдірді. Аталған жұмыс сауда тауар айналымын арттырады әрі сауданы жүргізу жағдайларын жақсартады.