Қазақстанда сауда желілерімен сауда үстемесін төмендету туралы 100-ден астам меморандумға қол қойылды

Қазақстанда сауда желілерімен сауда үстемесін төмендету туралы 100-ден астам меморандумға қол қойылды

Қазақстанда жергілікті атқарушы органдар ірі сауда желілерімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін 10% - ға дейін төмендету туралы меморандумдар жасасуды жалғастыруда. Ағымдағы жылғы 14 қарашадағы жағдай бойынша Республикалық маңызы бар барлық өңірлер мен қалаларда 130 меморандум жасалды, деп хабарлайды ҚР СИМ Сауда Комитетінің sauda_komiteti баспасөз қызметі.

Меморандумдарға қол қою баға белгілеудегі маңызды кезең болып   табылады, заңнамада белгіленген 15% мөлшеріндегі сауда үстемесі меморандум шеңберінде 10%-ға дейін төмендейді. Бұл тұрғындарға меморандумдар жасасқан Қазақстанның ірі сауда желілерінен сауда маркасы төмендетілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін сатып алуға мүмкіндік береді.

Меморандумдарға "Магнум", "Small", "Анвар", "Астықжан", "Вкусмарт", "ФерМаг", "Ақмол" сынды ірі сауда желілері қол қойды.

Айта кету керек, ҚР СИМ Сауда комитетінде негізгі азық-түлік тауарлары бағасының өсу динамикасының деректерін талдаудың ашықтығын арттыру үшін қоғамдық бақылау жұмыс істейді: тұрғындардың ӘМАТ тізбесіне кіретін өнімдерге жоғары бағаға өтініштерін қабылдау үшін call-орталық қызмет етеді. Шағымдар Facebook, Sauda_komiteti және sauda_inform Instagram әлеуметтік желілеріндегі Министрдіктің ресми аккаунттары арқылы да қабылданады.