Сенат ЕАЭО елдері арасындағы саудада мемлекеттік бақылауды жүзеге асырудың қағидаттары мен тәсілдері туралы келісімді ратификациялады

Сенат ЕАЭО елдері арасындағы саудада мемлекеттік бақылауды жүзеге асырудың қағидаттары мен тәсілдері туралы келісімді ратификациялады

ҚР Парламент Сенаты пленарлық отырыс барысында «Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің көрсетілген саладағы заңнамасын үйлестіру мақсатында жүзеге асыру қағидаттары мен тәсілдері туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңын мақұлдады.

«Келісім ЕАЭО елдерінің бірі ЕАЭО-ның басқа елінен келген өнімге қатысты шаралар қабылдаған кезде дауларды шешу тетігін құру арқылы саудадағы кедергілерді жоюға, сондай-ақ азаматтарды міндетті талаптарға сәйкес келмейтін өнімді анықтау және тарату туралы жедел хабардар етуге бағытталған», - деп хабарлады вице-премьер Серік Жұманғарин.

Тұтастай алғанда, келісім ЕАЭО туралы шартта тікелей қарастырылған, Қазақстан Республикасының жұмыс топтарына және бизнес-қоғамдастығының барлық кезеңдеріне қатыса отырып, бірнеше жыл бойы әзірленген.