2020 жылы 20 ақпанда Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тауарларды таңбалау мәселелерін талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.
2018 жылдың 2 ақпанында 2019 жылы 29 наурызда күшіне енген ЕАЭО-ға тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалу туарлы Келісімге қол қойылды.
Қазақстан аяқ киім, әтірлер мен иіссу, пневматикалық резеңке шиналар мен доңғалақтар,бейнекамералар, фотожарқыл мен жарқылдақ-шамдар және жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің жекелеген позициялары өімдерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды енгізу бойынша ЕЭК Кеңесінің шешімдеріне қосылды.
Жобаларды шешудің негізгі кезеңдері ол (1) елдердің таңбалауды енгізу күнін жеке айқындауы, (2) ұлттық операторды таңдауы (2020 жылғы 1 наурыздан кешіктірмей).
Қазіргі таңда Қазақстанда тері өнімдерін міндетті таңбалау бар және темекі, алкоголь өнімдерін және аяқ киімдерді таңбалау бойынша пилоттық жобалар іске асырылуда.
Бизнес-қауымдастықтың пікірі бойынша Қазақстанға тауарларды таңбалаудың үдемелі моделін енгізу мәселесіне мұқият қарау қажет.
Өз кезегінде, СИМ ТРМК төрағасының орынбасары Асқар Тынысбеков халықаралық тәжірибеге сәйкес тауарларды таңбалау бақылау құралы ретінде қарастырылатынын атап өтті, және өнімнің, қызметтер мен жұмыстардың көлеңкелі айналымы деңгейін төмендету, сондай-ақ өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адал тауар өндірушілерді және сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды қорғау мақсатында қазыналық және көліктік ақпараттық жүйелермен ұштастырылуы тиіс. Осы тетікті енгізу өндірістің немесе импортты әкелуден бастап соңғы іске асыруға және айналымнан шығаруға дейін тауарлардың өмірлік циклін бақылауға ғана емес, сондай-ақ бюджетке салықтардың түсуін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
"Азаматтардың денсаулығы мен өмір сүру деңгейін арттыру үшін тауар сапасын арттыру және қоғамдық бақылау қызметін жүзеге асыру қажет", - деді ол.
Электрондық шот-фактуралар, блокчейндер, виртуалды қойма және басқа да ақпараттық жүйелер сияқты қадағалаудың ұқсас құралдарын енгізу тәжірибесі жалпы мемлекет экономикасы үшін оң нәтиже көрсетті, сондай-ақ мемлекеттің адал салық төлеушілерге айтарлықтай көмек көрсетті.
Қазақстанда тауар өндірушілерді сатып алу, жалдау және тауарларды таңбалау үшін қажетті жабдықтардың лизингі бойынша мемлекеттік қолдау шаралары көзделген.
СИМ тауарлардың таңбалануы мен қадағалануын іске асырудың Жол картасын бекітті. «Қазақтелеком» Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторын айқындау бойынша конкурстың жеңімпазы болып танылды.
Қадағалау жүйесін салалық түсіну негізінде Бірыңғай оператор қадағалау мен таңбалаудың елдік тұжырымдамасын қалыптастыру қажет, ал салалық ақпараттық жүйелер мен Бірыңғай оператордың түйісу нүктесі Тауарлардың ұлттық каталогына кіру, онда салалық уәкілетті мемлекеттік органдар беретін тауарға арналған барлық рұқсат беру құжаттары бойынша ақпарат қамтылатын болады.
Сондай-ақ ҚР СИМ Техникалық реттеу комитеті тауарлардың таңбалануы мен қадағалануын іске асырудың ұйымдастыру моделін, таңбалауға жататын тауар топтарын іріктеу әдістемесін, сондай-ақ тауарларды таңбалау мен қадағалаудың тәртібін айқындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекітті.
Бизнес-қоғамдастық тарапынан ұсыныстарды ескере отырып, үйлестіруші орган барлық мүдделі тараптармен бірлесіп, әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен дәрілік заттарға таңбалауда қолданылатын бақылау-сәйкестендіру белгілерін (БСБ) өтеусіз беру мәселесін зерделеуді ұсынады.
Қазақстан Республикасы аяқ киім, жеңіл өнеркәсіп өнімдері, жаңа пневматикалық резеңке шиналар мен доңғалақтар тауарларын сәйкестендіру құралдарымен міндетті таңбалауды енгізу бойынша ЕЭК Кеңесінің шешімдеріне қосылды. Жобаларды шешудің негізгі кезеңдері ЕАЭО-ға қатысушы-елдерінің таңбалауды енгізу күнін, ұлттық операторларды таңдау күнін жеке айқындауы, 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап криптографиялық қорғаудың бірыңғай тәсілдерін енгізу болып табылады. Яғни міндетті таңбалауды енгізу пилоттық жобаларды жүргізуді талдау негізінде жүргізілетін болады. Әрбір тауар тобы бойынша, оның ішінде Қазақстан экономикасының «қауіпті аймақтарында» таңбалауды енгізудің орындылығын мұқият талдау қажет.
Қазіргі таңда таңбалау кодтарының (БСБ) шекті құны әлі анықталған жоқ. Бұл ретте, мұндай жағдайда Қазақстан өз тәсілін қалыптастырады.