EXPO іскерлік орталығы: демалыс және ойын-сауық аумағы

EXPO іскерлік орталығы: демалыс және ойын-сауық аумағы

13-тамыз күні сағат 19:00-де EXPO іскерлік орталығы аумағына баспасөз турына шақырамыз, онда жазғы кезеңде елорда тұрғындары мен қонақтары үшін мәдени-ойын-сауық бағдарламасы бар EXPO Camp әмбебап кеңістігі, ауқымды шоу-бағдарламасы бар жазғы сахна мен ашық аспан астындағы би, сондай-ақ NUR ALEM болашақ энергиясы мұражайында коллекционер-этнограф Бахаргүл Төлегеннің «Жауһар жәдігер» бірегей көрмесі мен суретші Елена Ралинаның «Жылдың жеті күнінде» деп аталатын жеке сурет көрмесі өтіп жатыр – бұл біздің тұрақты негізде жұмыс істейтін бірлескен жобаларымыз.

EXPO Camp – бұл VAN Life стилистикасындағы эмоциялар сыйлайтын және локациялар атмосферасынан ләззат алуға болатын бірегей кеңістік. Мұнда таза ауада қызықты және мазмұнды демалуға, отбасыңызбен әңгіме-дүкен құруға, достарыңызбен және әріптестеріңізбен кездесуге, музыка тыңдауға, шығармашылық шеберханалар мен спорттық жарыстарға қатысуға, үстел ойындарын ойнауға және ыңғайлы орындықтар мен гамактарда жай ғана демалып отыруға болады. Кеңістік күн сайын қыркүйектің соңына дейін жұмыс істейді.

Бұған қоса, 30 шілдеде жазғы сахнада дәстүрлі EXPO Melodies жобасы басталды.

EXPO Melodies – Open Air форматындағы демалыс күндеріндегі концерттер сериясы. Жазғы сахнада үлкен жетістікпен этнофестиваль, Қайрат Баекенов пен «Формат» тобының жеке концерті, «Не всё сказано», Machenskii, Bigsom топтарының қатысуымен хип-хоп фестивалі және Айқынның жеке концерті өтті.

Жанды музыканың бұл мерекесі EXPO аумағының ең заманауи инфрақұрылымы және кез келген ауқымдағы және тақырыптағы іс-шараларды өткізу үшін кең мүмкіндіктері бар екендігінің айқын көрсеткіштерінің біріне айналғаны сөзсіз.

Осы сенбі күні EXPO жазғы сахнасы Батырхан Шүкеновтың шығармашылығына арналған Cover-музыкалық фестивалін тамашалауға шақырады, ал жексенбі күні мұнда Ny-Za (Найза) жас музыкалық тобының концерті өтеді.

Іс-шаралардың толық кестесі мен қосымша ақпаратты «QazExpoCongress» ұлттық компаниясының ресми сайты мен Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі аккаунттарынан біле аласыз.

Баспасөз іс-шарасының басталуы: сағ. 19:00

Өтетін орны: EXPO іскерлік орталығының аумағы

Шара спикерлері: Еркімбаев Дәулет Қуандықұлы – «QazExpoCongress» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары.

Ұлттық компания баспасөз хатшысы Гүлжан Сергибаеваның байланыс телефоны: +7 775 538 88 84.