Негізгі тағам өнімдеріне (ӘМАТ) сауда үстемесінен асып кеткені үшін 300 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін

Негізгі тағам өнімдеріне (ӘМАТ) сауда үстемесінен асып кеткені үшін 300 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін

Профилактикалық бақылау барысында сауда үстемесі 5-15% - ға төмендеді

Қазақстан нарықтық экономикасы бар ел бола отырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) бөлшек сауда бағаларын бақылауды енгізді, оның мақсаты әділ және болжамды баға белгілеуді қамтамасыз ету болып табылады.

ҚР СИМ Сауда комитетінде ӘМАТ тізбесіне 19 азық-түлік, жарма және көкөністер кіретінін еске салады (1-ші сұрыпты ұн, 1-ші сұрыпты ұннан жасалған нан (формалы), түтік кеспе (өлшеніп сатылатын), қарақұмық (өлшеніп сатылатын), күріш (өлшеніп сатылатын), картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, құмшекер, күнбағыс майы, сиыр еті (сүйектері бар жауырын-төс бөлігі), тауық еті (сан және жіліншік сүйегі), жұмсақ қаптамадағы сүт  майлылығы 2,5% , жұмсақ қаптамадағы айран майлылығы  2,5%, сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%), тауық жұмыртқасы (I санаты), ас тұзы ("Экстра"-дан басқа), сүзбе 5 – 9% майлылығы).

Бұл ретте шекті сауда үстемесінің рұқсат етілген мөлшері өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда жеткізушінің сатып алу бағасының 15%-ынан аспайды. 15%-дан асып кету ҚР ӘҚБтК-нің 204-4-бабы негізінде әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.

ӘМАТ бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында Сауда комитеті "үй жанындағы" дүкендердегі сауда үстемесін бақылау бойынша әкімдіктерді үйлестіруді жүзеге асырады.

Соңғы аптада рейдтік іс-шаралармен 40,3 мың «үй жанындағы» дүкен қамтылып, онда 734 сауда үстемесін бұзушылық  анықталды.

Ең көп бұзушылық Нұр-Сұлтан қаласында (278) және ШҚО-да (80) анықталды.

Одан әрі Түркістан облысында (38), БҚО-да (33), Қостанай облысында және Маңғыстау облысында (32-ден), Жетісу облысында (30).

Одан кейін Алматы облысы (28), Атырау облысы (27), Алматы қаласы және Жамбыл облысы (23-тен), Ақмола облысы (21).

Павлодар облысында - 17, Ақтөбе облысында-13, СҚО-12, Қарағанды облысында және Қызылорда облысында (11-ден), Абай облысында және Шымкент қаласында (10-нан).

Ең аз бұзушылықтар Ұлытау облысында (6).

Жүргізілетін жұмыс бизнес субъектілерінің сауда үстеме бағасын өз еркімен төмендеткенімен сипатталады. Сонымен, түсіндіру жүргізу нәтижесінде сауда объектілері ӘМАТ-қа сауда үстемелерін 5-15% - ға дейін төмендетті.

Бұл ретте, сауда үстемесін асыра пайдаланғаны үшін әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылды, ішкі сауда субъектілеріне қатысты ескерту түрінде 126 әкімшілік хаттама толтырылды, 1 айыппұл салынды.

Сауда комитетінде атап өткендей, тексерістермен ірі қалалар мен облыс орталықтары, сондай-ақ аудан орталықтары қамтылады. Мониторингтік топтардың құрамына қоғамдық ұйымдар мен партиялардың өкілдері де кіреді.