Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Алқа отырысы өтті

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Алқа отырысы өтті

2022 жылғы 29 шілдеде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Алқа отырысы өтті.

Алқа отырысында Министрліктің 1-ші жартыжылдықтағы жұмысы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды.

Вице-министр Жанель Кушукованың айтуынша, ағымдағы жылдың 5 айында Қазақстанның сыртқы саудасының оң динамикасы байқалады. Биылғы қаңтар-мамырда сыртқы сауда айналымы 51,3 млрд. АҚШ долларын құрды. Экспорт өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 59% - ға өсіп, 34,2 млрд. АҚШ долл. құрады. Сондай-ақ, Қазақстанның ЕАЭО елдерімен саудасы оң динамиканы көрсетуді жалғастыруда.

"Қазақстанның ЕАЭО бойынша әріптестерімен тауар айналымы 2022 жылдың 5 айында 10 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5% - ға жоғары. ЕАЭО елдерінің нарықтарындағы қазақстандық тауарлар үшін кедергілерді жою бойынша жұмыс жалғасуда", - деді Жанель Кушукова

 Өз кезегінде ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Әсел Жанасова бүгінгі таңда Министрлік 9 цифрлық жобаны іске асырып жатқанын хабарлады. Олардың арасында төлем жүйесі бар әлеуметтік әмиянды енгізу де бар.

"Бүгінгі таңда "әлеуметтік әмиян" бойынша пилоттық жобаны жүргізу бойынша жұмыстар «әлеуметтік әмиян» пилотын енгізу жобасына қатысатын мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және ЕДБ - нің қатысуымен жалғасуда", - деді Әсел Жанасова.

Сонымен қатар, Бақыт Сұлтанов жыл соңына дейін мүдделі органдармен, ұйымдармен және ЕДБ-мен бірлесіп "Әлеуметтік әмиянды" енгізу қажеттігін атап өтті.

"Жобаны іске асыру оларды пайдалану тиімділігінің мониторингін қамтамасыз ете отырып, халықты әлеуметтік қолдау қаражатын бөлудің цифрлық құралын жылдам құруды қамтамасыз етеді", - деді Бақыт Сұлтанов.

Алқа отырысы барысында Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев та баяндама жасады. Оның айтуынша, ішкі тауар айналымы да өсті. Осы жылдың қаңтар-маусым айларында 20,6 трлн.теңгені құрды. Оның ішінде бөлшек саудаға 6,1 трлн. теңге және көтерме саудаға 14,5 трлн. теңгені құрды.

Қазіргі уақытта Комитет 3 негізгі бағыт бойынша жұмыс жүргізетінін атап өту қажет.  Бұл - сауда саласын дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты жетілдіру; сауда инфрақұрылымын дамыту және азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру мәселелері бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету.

Сонымен қатар, Бақыт Сұлтанов Сауда комитетінің төрағасына АШМ-нің қант саласын дамыту бойынша кешенді жоспар әзірлеу жұмысына белсенді қатысуды тапсырды. Ол импортқа тәуелділікті едәуір азайтуға және өзін-өзі қамтамасыз етуге біртіндеп көшуге бағытталуы керек екенін атап өтті. Сондай-ақ, мүдделі инвесторларды тарта отырып, КТО желісі   бар Ұлттық тауар өткізу жүйесін іске қосуды жеделдету қажет.

Алқа отырысы барысында ТРМК төрағасы Арман Әбенов, ТҚҚК төрағасының орынбасары Алмас Әбжаппаров және ҚР СИМ аппарат басшысы Жәнібек Нөпіров Министрлік қызметінің мәселелері бойынша баяндама жасады.

Министр отырысты қорытындылай келе вице-министрлер мен комитет төрағаларына барлық қабылданған міндеттемелерді, оның ішінде Мемлекет басшысының жаңа тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындауды қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ, ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының сынына байланысты Сауда комитеті басшылығының жауапкершілігін қарау тапсырылды.