Баспасөз конференциясына шақыру

Баспасөз конференциясына шақыру

Құрметті әріптестер!

Сіздерді «Сауда рәсімдерін жеңілдету жөніндегі ұлттық порталдың» ашылуы мен тұсаукесеріне арналған баспасөз конференциясына қатысуға шақырамыз. Қазақстанның сауда порталын «Ready4trade Орталық Азия» жобасы шеңберінде Халықаралық сауда орталығы  «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ және Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігімен бірлесіп құрды.

Сауда рәсімдерін оңайлату жөніндегі порталдар 23 елде іске асырылады және трансшекаралық рәсімдерді құжаттау ісінде озық шешімдер ретінде танылған. Қазақстанның сауда порталын енгізу елдің жеке секторының бәсекеге қабілеттілігін арттырады, сауда рәсімдерін жеңілдету саласында болашақ реформаларды жүргізуге ықпал ететін болады, сондай-ақ ДСҰ СУПТ іске асыруға көмектеседі.  Сауда порталы ДСҰ-ның сауда рәсімдерін оңайлату жөніндегі келісімінің негізгі ережелерін іске асыруға ықпал ететін болады, шекарада импорт, экспорт және транзит үшін қажетті формальдылықтарды жеңілдету, үйлестіру, стандарттау және автоматтандыру үшін мүмкіндіктерді айқындауға мүмкіндік береді. Портал шекарадағы ресмиліктердің ашықтығын және болжамдылығын арттырады және Қазақстанның басқа елдермен сауда рәсімдеріне салыстырмалы талдау жүргізуді жеңілдетеді. Порталды енгізудің арқасында кедендік реформаларды жүргізу үшін мүмкіндіктер пайда болады.

 

СПИКЕРЛЕР:

  • Кестутис Янкаускас, Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Елшісі

 

  • Мохаммад Саид, Сауда рәсімдерін жеңілдету мәселелері жөніндегі аға кеңесші, Халықаралық сауда орталығы

 

  • Алия Алимбетова, Сыртқы сауда қызметі департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі

 

  • Нурлан Кулбатыров, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы Бас директорының орынбасары

ҚАШАН: 2022 жылғңы 4 шілде, 13.30

ҚАЙДА:  Нур-Сұлтан қаласы, отель Sheraton Nur-Sultan, Сығанақ көшесі, 60/1, Ballroom, 3-эқабат

Барлық сұрақтар бойынша хабарласу:

Наталья Лаухина

+7 777 262 7078

nla@changepr.kz

Гульмира Сильвейра-Барбоза

+7 771 401 9831

gsi@changepr.kz