Бақыт Сұлтанов: Бүгін әлемде Дүниежүзілік метрология күні атап өтіледі!

Бақыт Сұлтанов: Бүгін әлемде Дүниежүзілік метрология күні атап өтіледі!

Өлшеу дәлдігі туралы ғылым көптеген адамдарға күнделікті өмірден алыс болып көрінуі мүмкін. Бірақ бұл дәлдіксіз өмір сапасы төмен болар еді. Мысалы, егер таразы дұрыс болмаса немесе желінің кернеуі нормаға сәйкес келмесе қарапайым тұтынушы шамадан тыс немесе сынған техникадан үлкен шығынға ұшырайтын еді. Әуежайда таразы дұрыс болмаса, онда тіпті жолаушылардың қауіпсіздігіне де кері әсерін тигізуі мүмкін.

Барлық құралдардың дәлдігі эталондарға сәйкес тексеріледі.

Қазақстанда эталондық базада қазірдің өзінде 102 мемлекеттік эталон мен эталондық жабдық бар. Оның ішінде мемлекеттік бастапқы және қайталама эталондардың 53 бірлігі және жұмыс эталондарының 49 бірлігі бар.

Айта кетсек, Орталық Азия елдерінің ішінде Қазақстанның эталондық базасы ең үздік технологиялық жабдықтарға ие. Оған біздің кванттық құбылыстарды дәлдік пен сенімділіктің үлгісі ретінде қолдануымыз да себеп (бұрын астрономиялық құбылыстар осылай қарастырылатын).

Бізде метрология институтының активінде кванттық әсерге негізделген төрт стандарт бар: ұзындық бірлігінің бастапқы эталоны – оптикалық кванттық генератор; электр кедергісі бірлігінің бастапқы эталоны - кванттық Холл эффектісіне негізделген; тұрақты электр кернеуі мен электр қозғаушы күш бірлігінің бастапқы эталоны - кванттық Джозефсон эффектісіне негізделген және уақыт пен жиілік бірлігінің бастапқы эталоны - кванттық цезий жиілік эталоны болып табылады.

Кванттық эффекттердегі эталондар нақты, дәл болып келеді, өйткені олар уақыт бойынша өзгермейтін табиғи және негізгі константалармен қамтамасыз етілген. Мысалы, жарық жылдамдығы немесе электронның заряды. Сондықтан біздің эталондық орталық ғимаратының алдында тұрған эталондық сағаттарды тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азияда да ең дәл деп санауға болады.

Қазіргі заманғы және технологиялық тұрғыдан жетілдірілген эталондық база Қазақстанда өнімнің өлшеу, сынақтар және сәйкестігін растау жөніндегі қызметке халықаралық сенім болуына жағдай жасайды. Бұл өз кезегінде саудадағы техникалық кедергілерді жоюға және интеграция жағдайында тауарлар мен қызметтердің кедергісіз айналымына ықпал етеді.

Дүниежүзілік метрология күні біз өз еңбек қызметін ел үшін ең маңызды салалардың бірімен байланыстырғандарды құттықтаймыз! Жыл сайын Қазақстанның түкпір-түкпірінен үздік метрологтарды марапаттаймыз! Биылғы жылы да жемісті еңбегі, кәсіби қызметте жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін метрология үздіктеріне ерекше алғысымызды білдіреміз!

Барлық метрологтарды Дүниежүзілік метрология күнімен құттықтаймыз!

Отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін!