QazTrade өкілдері Ауыл шаруашылығы және сауда жөніндегі бірлескен жұмыс тобының отырысына қатысты

QazTrade өкілдері Ауыл шаруашылығы және сауда жөніндегі бірлескен жұмыс тобының отырысына қатысты

2022 жылғы 16 мамырда «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ өкілдері ЭЫДҰ-ның Ауыл шаруашылығы комитетінің Ауыл шаруашылығы және сауда жөніндегі бірлескен жұмыс тобының отырысына қатысты, онда теңіз тасымалдарының шығындарына, СФС мәселелеріне, ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасына және басқа да мәселелерге байланысты ЭЫДҰ дайындаған шолулар мен есептердің нәтижелері талқыланды.

Отырысқа қатысушылар ұсынылған есептер мен шолуларға өз түсініктемелері мен ұсыныстарын ұсынды, сондай-ақ одан әрі жұмыс істеу үшін іс-қимылдар мен шешімдер тізбесін әзірледі.