Қазақстан мен Түркия Қызметтердің еркін саудасы туралы келісім бойынша жұмысты бастайды

Қазақстан мен Түркия Қызметтердің еркін саудасы туралы  келісім бойынша жұмысты бастайды

Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Түрік Республикасына а.ж. 10-11 мамырдағы ресми сапары аясында Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы қызметтердің еркін саудасы туралы болашақ келісімге техникалық тапсырмаға қол қойылды.

Техникалық тапсырма Түркия Республикасымен болашақ Келісімнің қамтылуын айқындайды.

Келісім көрсетілетін қызметтердің өзара саудасы үшін қолайлы жағдайлар туғызады және отандық көрсетілетін қызметті берушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Тараптар жақын арада қызметтер саудасы туралы келісім жасасу бойынша келіссөздерді бастауға келісті.

Техникалық тапсырмаға Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі – Бақыт Сұлтанов пен Түркия Республикасының Сауда министрі – Мехмет Муш қол қойды.